https://sputnik.kz/20230629/semey-poligonyna-kiretin-zherler-auyl-sharuashylygyna-beriledi-36427468.html
Семей полигонына кіретін жерлер ауыл шаруашылығына беріледі
Семей полигонына кіретін жерлер ауыл шаруашылығына беріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Сенат депутаттары "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен... 29.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-29T15:43+0500
2023-06-29T15:43+0500
2023-06-29T15:43+0500
семей полигоны
https://sputnik.kz/img/142/88/1428820_0:0:3240:1824_1920x0_80_0_0_e18facc984ecccd0794cfbc029a5128d.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Сенат депутаттары "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде Жер кодексіне тиісті түзетулер енгізілген. Оған сәйкес, ядролық қауіпсіздік аймағына кіретін жердің құқықтық мәртебесі бекітілген. Ол жерлерде жұмыс істеу тәртібі де айқындалды.Осы санаттағы жерлер жеке және заңды тұлғаларға нақты бір мақсатта ғана беріледі. Олар ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуден босатылады.Бүгінде полигонның жалпы аумағы 1,8 миллион гектарды құрайды. Заң аясында радиоактивті жағынан ластанған және ластанбаған жерлер анықталады. Соның барлығын ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға болады. Ондай жерлер, шамамен, 1 миллион гектарға жетуі мүмкін.Семей ядролық қауіпсіздік аймағына жауапты уәкілетті ұйымға мемлекеттік монополияға белгіленген арнаулы талаптар және арнаулы құқықтар қойылмайды. Ал Экологиялық кодекске енгізілетін түзетулерге сәйкес, уәкілетті ұйымға берілетін ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне экологиялық талаптар қолданылмайды.
https://sputnik.kz/20220418/yadrolyq-synaq-zardap-shekkender-kualigi-otemaqy-24279267.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/142/88/1428820_435:0:3166:2048_1920x0_80_0_0_411dac12a8b9e26365e120ffeed03230.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей полигоны
Семей полигонына кіретін жерлер ауыл шаруашылығына беріледі
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Сенат депутаттары "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Жер кодексіне тиісті түзетулер енгізілген. Оған сәйкес, ядролық қауіпсіздік аймағына кіретін жердің құқықтық мәртебесі бекітілген. Ол жерлерде жұмыс істеу тәртібі де айқындалды.
"Мәселен, бос жерлер ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстырылып, мемлекеттік меншікке жатқызылды. Ядролық қауіпсіздік аймағы алып жатқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды. Жер пайдаланушылардың ядролық қауіпсіздік аймағы жерінде жер пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасауына жол берілмейді", - дейді сенатор Әли Бектаев.
Осы санаттағы жерлер жеке және заңды тұлғаларға нақты бір мақсатта ғана беріледі. Олар ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуден босатылады.
Бүгінде полигонның жалпы аумағы 1,8 миллион гектарды құрайды. Заң аясында радиоактивті жағынан ластанған және ластанбаған жерлер анықталады. Соның барлығын ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға болады. Ондай жерлер, шамамен, 1 миллион гектарға жетуі мүмкін.
Семей ядролық қауіпсіздік аймағына жауапты уәкілетті ұйымға мемлекеттік монополияға белгіленген арнаулы талаптар және арнаулы құқықтар қойылмайды. Ал Экологиялық кодекске енгізілетін түзетулерге сәйкес, уәкілетті ұйымға берілетін ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне экологиялық талаптар қолданылмайды.