https://sputnik.kz/20220418/yadrolyq-synaq-zardap-shekkender-kualigi-otemaqy-24279267.html
Ядролық сынақтан зардап шеккендер полигон куәлігі мен өтемақыны онлайн ала алады
Ядролық сынақтан зардап шеккендер полигон куәлігі мен өтемақыны онлайн ала алады
Sputnik Қазақстан
Жаңа қызмет Семей сынақ полигоны аумағында 1949-1965 жылдары, сондай-ақ 1966-1990 жылдары аралығында тұрған азаматтарға қолжетімді 18.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-18T12:42+0500
2022-04-18T12:42+0500
2022-04-18T12:42+0500
қоғам
семей полигоны
ядролық сынақ
өтемақы
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_0:108:1198:782_1920x0_80_0_0_6c6ddb4e02a7cb2fe8f0a1e563b25a48.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Egov.kz порталында Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға арналған жаңа қызмет пайда болды."Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қоғаммен байланыс басқармасының ақпаратынша, Семей сынақ полигоны аумағында 1949-1965 жылдары аралығында, сондай-ақ 1966-1990 жылдары аралығында тұрған азаматтар eGov.kz порталында жаңа қызметтің көмегімен мемлекеттен төлем ала алады.Мемлекеттік қызметтің көмегімен азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлік алу мүмкіндігі беріледі. Жаңа қызмет eGov.kz порталында тегін көрсетіледі және биылдан бастап қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері 311 азамат онлайн режимде куәлік пен өтемақы алуға өтініш берді.Осындай қызмет еліміздегі ХҚКО-ның көмегімен де көрсетіледі. Тек 2021 жылдың өзінде 7 мыңға жуық адам қағаз түрінде өтініш берген.Қызметті пайдалану үшін egov.kz порталына кіріп, басты бетте "Әлеуметтік қамсыздандыру" бөлімін ашып, "Отбасыларға көмек" тармағын таңдап, қажет қызметті таңдау қерек.Әрі қарай, пайдаланушы:20 жұмыс күні ішінде пайдаланушының "Жеке кабинетіне" хабарлама келеді.Хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен жеке куәлікті / жеке куәліктің көшірмесін алуы қажет.Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы өңірлер, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша өтемақы төлеу кестесіне сәйкес төленеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_ed3f52240c48f1af4841312eb2643ee3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей полигоны, ядролық сынақ, өтемақы
семей полигоны, ядролық сынақ, өтемақы
Ядролық сынақтан зардап шеккендер полигон куәлігі мен өтемақыны онлайн ала алады
Жаңа қызмет Семей сынақ полигоны аумағында 1949-1965 жылдары, сондай-ақ 1966-1990 жылдары аралығында тұрған азаматтарға қолжетімді
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Egov.kz порталында Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға арналған жаңа қызмет пайда болды.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қоғаммен байланыс басқармасының ақпаратынша, Семей сынақ полигоны аумағында 1949-1965 жылдары аралығында, сондай-ақ 1966-1990 жылдары аралығында тұрған азаматтар eGov.kz порталында жаңа қызметтің көмегімен мемлекеттен төлем ала алады.
Мемлекеттік қызметтің көмегімен азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлік алу мүмкіндігі беріледі. Жаңа қызмет eGov.kz порталында тегін көрсетіледі және биылдан бастап қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері 311 азамат онлайн режимде куәлік пен өтемақы алуға өтініш берді.
Осындай қызмет еліміздегі ХҚКО-ның көмегімен де көрсетіледі. Тек 2021 жылдың өзінде 7 мыңға жуық адам қағаз түрінде өтініш берген.
"Бұл қызмет бұрын ХҚКО арқылы қағаз түрінде ғана көрсетілетін. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, қызметті онлайн форматқа көшірдік. Бұл Семей өңірінің тұрғындары үшін өте маңызды әрі қажетті қызмет деп ойлаймыз. "ҰАТ"АҚ ұжымы атқарған жұмыстың арқасында онлайн мемлекеттік қызметтердің тізімі күннен-күнге артыпкеледі", - деді "ҰАТ" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Қызметті пайдалану үшін egov.kz порталына кіріп, басты бетте "Әлеуметтік қамсыздандыру" бөлімін ашып, "Отбасыларға көмек" тармағын таңдап, қажет қызметті таңдау қерек.
порталда авторизацияланады;
онлайн қызметке тапсырыс береді;
барлық қажетті жолдарды толтырады;
ЭЦҚ немесе екі факторлы аутентификация көмегімен өтінімге қол қояды.
20 жұмыс күні ішінде пайдаланушының "Жеке кабинетіне" хабарлама келеді.
Хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен жеке куәлікті / жеке куәліктің көшірмесін алуы қажет.
Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы өңірлер, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша өтемақы төлеу кестесіне сәйкес төленеді.