https://sputnik.kz/20230628/mangystau-atom-eneriya-kombinatynda-zhuzdegen-zanbuzushylyq-anyqtaldy-36393239.html
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жүздеген олқылық анықталды
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жүздеген олқылық анықталды
Sputnik Қазақстан
Маңғыстау прокуратурасы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын соңғы алты жылда анықталған олқылықтарды жоюға міндеттеді 28.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-28T11:48+0500
2023-06-28T11:48+0500
2023-06-28T11:59+0500
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_85a0ee0e5d4e9f80b19fb2c66dfdb337.jpg
АЛМАТЫ, 28 маусым - Sputnik. Маңғыстаудағы МАЭК соңғы алты жылдағы жұмысына прокуратура тексеру жүргізді. Нәтижесінде жүздеген олқылық анықталған, деп хабарлайды Lada.kz.Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықовтың айтуынша, кәсіпорынның 6 жылдағы жұмыс нәтижесі кешенді тексерілген. Прокурордың пікірінше, анықталған олқылықтардың көпшілігіне қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жоспарлаудағы қателіктер себеп болды.Сонымен қатар басшылар тарапынан бақылау әлсіз болған.Құттықов кешенді тексеру кезінде метрология, атом және энергетикалық қадағалау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, төтенше жағдай және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында 400-ге жуық олқылық анықталғанын айтты.Қылмыстық құқықбұзушылықтардың барлық белгісі бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданатын болады. Барлық кінәлі мамандар жауапқа тартылады, дейді қадағалау органының басшысы."Тексеру аяқталғаннан кейін Маңғыстау облысының прокуратурасы барлық олқылықты жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Сондай-ақ "МАЭК" кәсіпорны халық үшін аса маңызды стратегиялық объект екенін тағы да атап өткім келеді. Қадағалау органы тарапынан тексеру комбинатты жаңғыртуға оң серпін беретініне сенімдімін. Бұл мәселеге үкімет тарапынан үлкен көңіл бөлінеді", - деп атап өтті "МАЭК" ЖШС бас директоры Жасұлан Сүйіншалиев.
https://sputnik.kz/20230623/ozenmunaygazdy-tekseru-kezinde-118-zanbuzushylyq-anyqtaldy-36275788.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0ee83c5bec3dc6b5908c0e5e5f7adda6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жүздеген олқылық анықталды
11:48 28.06.2023 (жаңартылды: 11:59 28.06.2023) Маңғыстау прокуратурасы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын соңғы алты жылда анықталған олқылықтарды жоюға міндеттеді
АЛМАТЫ, 28 маусым - Sputnik. Маңғыстаудағы МАЭК соңғы алты жылдағы жұмысына прокуратура тексеру жүргізді. Нәтижесінде жүздеген олқылық анықталған, деп хабарлайды Lada.kz.
Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықовтың айтуынша, кәсіпорынның 6 жылдағы жұмыс нәтижесі кешенді тексерілген. Прокурордың пікірінше, анықталған олқылықтардың көпшілігіне қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жоспарлаудағы қателіктер себеп болды.
Сонымен қатар басшылар тарапынан бақылау әлсіз болған.
Құттықов кешенді тексеру кезінде метрология, атом және энергетикалық қадағалау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, төтенше жағдай және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында 400-ге жуық олқылық анықталғанын айтты.
Қылмыстық құқықбұзушылықтардың барлық белгісі бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданатын болады. Барлық кінәлі мамандар жауапқа тартылады, дейді қадағалау органының басшысы.
"Тексеру аяқталғаннан кейін Маңғыстау облысының прокуратурасы барлық олқылықты жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Сондай-ақ "МАЭК" кәсіпорны халық үшін аса маңызды стратегиялық объект екенін тағы да атап өткім келеді. Қадағалау органы тарапынан тексеру комбинатты жаңғыртуға оң серпін беретініне сенімдімін. Бұл мәселеге үкімет тарапынан үлкен көңіл бөлінеді", - деп атап өтті "МАЭК" ЖШС бас директоры Жасұлан Сүйіншалиев.