Ростов облысында жолдағы шектеулер толық алынып тасталды

© Пресс-служба МЧС РФ / Медиабанкке өтуПомощь людям на перекрытой в Ростовской области трассе М4
Помощь людям на перекрытой в Ростовской области трассе М4 - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Ростов облысының тас жолдарында көлік қозғалысына қойылған барлық шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды РИА Новости Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің Ростов облысындағы өкіліне сілтеме жасап.
"Көлік қозғалысы ашық", - деді ол.
Оның айтуынша, бұл аймақтағы барлық бағыт пен Ростов-на-Дону қаласына кіретін жолдарды қамтиды.
Бұған дейін Ростов облысына кіру Краснодар және Ставрополь өлкелерінен, Волгоград және Воронеж облыстары жағынан шектелді.
Ростов-на-Дону қаласындағы теміржол және автобекеттер әдеттегідей жұмыс істеп тұр, билеттер сатылып жатыр, барлық бағыт бойынша қозғалыс кестеге сай жүргізілуде, деп хабарлады Ростов облысының үкіметі.
Демалыс күндерінен кейін адамдар Ростов-на-Дону қаласына қайтып жатыр, жолда кептеліс жоқ екені айтылды.
Пресс-секретарь президента РФ Дмитрий Песков - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2023
Песков: Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылады
Жаңалықтар
0