Песков: Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылады

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуПресс-секретарь президента РФ Дмитрий Песков
Пресс-секретарь президента РФ Дмитрий Песков - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 маусым - Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Сондай-ақ Песков "Вагнер" басшысы Беларуське кететінін хабарлады.
"Пригожиннің Беларуське кете алатынына Ресей президентінің сөзі кепіл", - деп мәлімдеді Песков.
Оның айтуынша, жағдайды қан төкпей шешуге қол жеткізілді.
Бұған дейін Беларусь президентінің баспасөз қызметі Лукашенконың Путинмен келісе отырып, Пригожинмен келіссөз жүргізгенін хабарлады. Осыдан кейін "Вагнер" басшысы колонналарды артқа бұрып, жоспар бойынша даладағы лагерьлерге қайтатынын мәлім етті.
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2023
Тоқаев Ресейде болып жатқан оқиға елдің ішкі мәселесі екенін айтты
Жаңалықтар
0