https://sputnik.kz/20230623/zhylqymyzdy-atyp-zhatyr-almaty-oblysynda-83-zhylqysyn-zhogaltqan-qozhalyq-iesi-zaryn-aytty--36273324.html
"Атып тастап жатыр": Алматы облысында 83 жылқысын жоғалтқан қожалық иесі жанайқайын айтты
"Атып тастап жатыр": Алматы облысында 83 жылқысын жоғалтқан қожалық иесі жанайқайын айтты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Кербұлақ шаруа қожалығында бір айда 83 жылқы жоғалған. Тіпті қаскөйлер жылқыны ата бастаған. Қожалық... 23.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-23T13:40+0500
2023-06-23T13:40+0500
2023-06-23T14:57+0500
алматы облысы
жылқы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/17/36272975_0:0:1577:887_1920x0_80_0_0_8d02198f125bb9e97b8bb509847cc756.jpg
АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Кербұлақ шаруа қожалығында бір айда 83 жылқы жоғалған. Тіпті қаскөйлер жылқыны ата бастаған. Қожалық иелері кімге барып шағым айтарын білмей дал. Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.Кербұлақ шаруа қожалығы жылқы шаруашылығымен айналысады.Бір айдың ішінде ұрылар қожалықты екі рет қолды қылған."Бір ай бұрын 40 жылқыны ұрылар айдап кетті. Біз полицияға арыз жазып едік, еш нәтиже болмады. Сосын прокуратураға жаздық. Прокуратура іс қозғап, Талғар аудандық полиция бөліміне жібірді. Бірақ сол күйі еш нәтиже болған жоқ", - дейді "Кербұлақ шаруа қожалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы Мадияр Тайбеков.Араға бір ай өтпей жатып, ұрылар шаруа қожалығының жылқыларына тағы да тап берген."Міне екінші рет тағы 43 жылқыны ұрлап кетті. Өзіміз іздеуге кірістік. Жоғалған малды таппадық. Тек бір жылқыны атып кетіпті. Тағы қаншасын атып кеткені белгісіз. Біз біреуін ғана таптық. "102" нөміріне хабарласып, шағым түсірдік. Әзірге полициядан ешкім келмеді, хаттама толтырылған жоқ. Айдың-күннің аманында малымызды атып кетіп жатыр. Кімге барып шағым айтамыз, білмеймін", - дейді Мадияр Тайбеков.Ал Талғар аудандық полиция басқармасының мамандары түннен бері жоғалған малды іздеруге кірісіп кеттік дейді."Түннен бері келіп осында жүрміз. Тек мен ғана емес, бірнеше арнайы тергеу тобы жылқы ұрлағандарды іздестіріп жатыр. Серіктестік жұмысшылары мен жақын маңдағы аудандарда барлық іздеу жұмыстарын жүргіземіз", - дейді Талғар аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Жәнібек Иембердиев.Полицияның айтуынша, қазіргі уақытта жаппай жауап алынып жатыр. Полиция өкілі Жәнібек Иембердиев тергеу жұмысының барысы туралы Sputnik Қазақстанға ақпарат беріп тұратынын айтты.
https://sputnik.kz/20220526/soltustik-qazaqstan-auyl-zhylqy-25082113.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/17/36272975_157:0:1577:1065_1920x0_80_0_0_101fc26fb394d64b30bbba1643e9c9ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, жылқы
АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Кербұлақ шаруа қожалығында бір айда 83 жылқы жоғалған. Тіпті қаскөйлер жылқыны ата бастаған. Қожалық иелері кімге барып шағым айтарын білмей дал. Мәселенің мән-жайын
Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.
Кербұлақ шаруа қожалығы жылқы шаруашылығымен айналысады.
Бір айдың ішінде ұрылар қожалықты екі рет қолды қылған.
"Бір ай бұрын 40 жылқыны ұрылар айдап кетті. Біз полицияға арыз жазып едік, еш нәтиже болмады. Сосын прокуратураға жаздық. Прокуратура іс қозғап, Талғар аудандық полиция бөліміне жібірді. Бірақ сол күйі еш нәтиже болған жоқ", - дейді "Кербұлақ шаруа қожалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы Мадияр Тайбеков.
Араға бір ай өтпей жатып, ұрылар шаруа қожалығының жылқыларына тағы да тап берген.
"Міне екінші рет тағы 43 жылқыны ұрлап кетті. Өзіміз іздеуге кірістік. Жоғалған малды таппадық. Тек бір жылқыны атып кетіпті. Тағы қаншасын атып кеткені белгісіз. Біз біреуін ғана таптық. "102" нөміріне хабарласып, шағым түсірдік. Әзірге полициядан ешкім келмеді, хаттама толтырылған жоқ. Айдың-күннің аманында малымызды атып кетіп жатыр. Кімге барып шағым айтамыз, білмеймін", - дейді Мадияр Тайбеков.
Ал Талғар аудандық полиция басқармасының мамандары түннен бері жоғалған малды іздеруге кірісіп кеттік дейді.
"Түннен бері келіп осында жүрміз. Тек мен ғана емес, бірнеше арнайы тергеу тобы жылқы ұрлағандарды іздестіріп жатыр. Серіктестік жұмысшылары мен жақын маңдағы аудандарда барлық іздеу жұмыстарын жүргіземіз", - дейді Талғар аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Жәнібек Иембердиев.
Полицияның айтуынша, қазіргі уақытта жаппай жауап алынып жатыр. Полиция өкілі Жәнібек Иембердиев тергеу жұмысының барысы туралы Sputnik Қазақстанға ақпарат беріп тұратынын айтты.