Малайзияда Димашқа орындаушылық өнері үшін медаль табысталды

© Photo : dimashnews.comМалайзияда Димашқа орындаушылық өнері үшін медаль табысталды
Малайзияда Димашқа орындаушылық өнері үшін медаль табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Малайзия астанасына "Stranger" жеке концертін өткізуге барған Димаш Құдайберген сол елдегі ең танымал жоғары оқу орындарының бірінің беделді марапатына ие болды. Оған орындаушылық өнері үшін медаль табысталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Медальды университеттің негізін қалаушы және басқарушы директоры Датин Рохайда Шаари табыстады. Әнші өзінің музыка саласындағы еңбегін мойындағаны үшін алғысын білдіріп, Малайзиядағы ең танымал жоғары оқу орындарының бірінің беделді марапатын алу үлкен мәртебе екенін атап өтті.
© Photo : dimashnews.comМалайзияда Димашқа орындаушылық өнері үшін медаль табысталды
Малайзияда Димашқа орындаушылық өнері үшін медаль табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2023
Малайзияда Димашқа орындаушылық өнері үшін медаль табысталды
Димаш 60-тан астам елдің студенттері оқитын халықаралық университетке халықтар арасындағы бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігері үшін бір-бірімен тамаша қарым-қатынас жасағаны үшін алғысын білдірді.
"Болашақты жақындататын, ертеңге жетелейтін жастарға, болашақ өзгерістер көшбасшыларына мен баршаңызды қоғамымыз бен еліміз үшін дұрыс істер жасауға жұмылуға шақырамын. Жанашыр болыңыз. Сақ болыңыз. Мейірімді болыңыз. Біз әрқашан адамзатты жақсы жаққа өзгерте аламыз", - деді Димаш жастарға.
Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2023
Димаш Құдайберген атасына арнап әсерлі жазба қалдырды
Жаңалықтар
0