Димаш Құдайберген атасына арнап әсерлі жазба қалдырды
10:46 18.06.2023 (жаңартылды: 17:07 10.08.2023)
© Sputnik / Владислав ВодневДимаш Кудайберген
© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Күні кеше атасын соңғы сапарға шығарып салған Димаш Құдайберген Iәлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады.
"Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін…Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқандарымнан айтып, үлгермегендерім көп. Қош бол,әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің,кенжетайың… Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға, Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын…" , - деп жазды жұлдыз.