Түркістан облысында мектеп директорының төбелесі видеоға түсіп қалған

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Түркістан облысының Қазығұрт ауданында мектеп директоры жанжал шығарғаны жайлы видео тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратта директордың әртүрлі мерекелік іс-шараларда жанжал шығаратыны туралы айтылған. Ал оның баласы аудандық полицияда қызмет ететіндіктен, директор әкенің шатақ мінезі жабу астында қалатын көрінеді.
Түркістан облыстық білім басқармасы бейнежазбадағы келеңсіз оқиға былтыр болғанын мәлімдеді.
"Бұл жағдай Түркістан облысы білім басқармасының басты назарында. Аталған жайға байланысты мектеп директорынан түсініктеме алынды. Оқиға өткен жылы туысқанының үйінде болған. Видеодағы жағдайға қатысты ішімдік ішпегенін, қасындағы адамдар ар-намысына тиетін сөздер айтып, балағаттағандықтан, ашу-ызаға бой алдырғандығын айтты. Білім бөлімі тарапынан директор "қатаң сөгіс"алды", - дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Видео с избиением ребенка в Степногорске - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Өңірлер
Желіде тараған видеодан кейін интернат директоры жұмыстан қуылды
Жаңалықтар
0