https://sputnik.kz/20230621/toregali-torealini-qamauda-ustau-merzimi-ush-kunge-uzardy-36229053.html
Төреғали Төреәлінің ісі: сот үкімі қатаңдатылды
Төреғали Төреәлінің ісі: сот үкімі қатаңдатылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Төреғали Төреәліні қамауда ұстау мерзімі үш күнге ұзарды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. 21.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-21T20:31+0500
2023-06-21T20:31+0500
2023-06-21T20:40+0500
төреғали төреәлі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Төреғали Төреәліні қамауда ұстау мерзімі үш күнге ұзарды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.Сот 2023 жылдың 14 маусымында Алиханов (Төреғали Төреәлінің тегі – Sputnik) есірткіге мас күйде көлік жүргізіп, полицияның көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағанын анықтады."Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді ішінара растады. Ол ӘҚБтК-нің жоғарыда аталған бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот қаулысымен кінәлі деп танылды және оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды", - дейді ведомство.Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі көлік құралын есірткіге мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Оған 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
https://sputnik.kz/20230616/toregali-toreali-zhedel-zhardemmen-aurukhanaga-zhetkizildi-36015747.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төреғали төреәлі
Төреғали Төреәлінің ісі: сот үкімі қатаңдатылды
20:31 21.06.2023 (жаңартылды: 20:40 21.06.2023) АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Төреғали Төреәліні қамауда ұстау мерзімі үш күнге ұзарды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
"Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабы 1-бөлігі бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды", - делінген сот хабарламасында.
Сот 2023 жылдың 14 маусымында Алиханов (Төреғали Төреәлінің тегі – Sputnik) есірткіге мас күйде көлік жүргізіп, полицияның көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағанын анықтады.
"Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді ішінара растады. Ол ӘҚБтК-нің жоғарыда аталған бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот қаулысымен кінәлі деп танылды және оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды", - дейді ведомство.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі көлік құралын есірткіге мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Оған 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыра отырып,
20 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.