Төреғали Төреәлі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді - видео

© Sputnik/Ляля ЛиловаСкорая помощь
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Төреғали Төреәлі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, денсаулығы тексерілді.
Оқиғаның қалай болғанын әншінің адвокаты Эльнура Кішкенебаева Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
"Кеше Төреғалидың басы қатты ауырып, құсқысы келіп, жүрегі қысқан соң жедел жәрдем шақырттық. Жедел жәрдем келіп, №7 ауруханаға алып кетті. Бұл ауруханада Төреғалидың жағдайы нашар болды. Екпе салып, жағдайын дәрігерлер жақсартты. Сосын ультра дыбыстық зерттеу, КТ жасады", - дейді Төреғалидың адвокаты Эльнура Кішкенебаева.
Диагностика нәтижесінде әншінің бас ми жарақатын алмағаны анықталды. Тек қолдары мен желке тұсының жұмсақ тіндері көгерген. Дәрігерлер оған тұрғылықты жері бойынша ем алу мен ауырсыну жағдайында анальгетиктер ішу жөнінде нұсқаулық берген.
"Дәрігерлер ауруханаға жатқызуға негіз жоқ деп, Төреғалиды қайта қамауға алып кетті", - дейді адвокат.
Алматы қалалық №7 аурухана мамандарынан Төреғалидың сырқатына байланысты қандай да бір жауап алу мүмкін болмады. Олардың айтуынша, бұл - "дәрігерлік құпия" .
© Айдана Дайырова
Төреғали Төреәлі ауруханаға жеткізілді - Sputnik Қазақстан
1/4
© Айдана Дайырова
Төреғали Төреәлі ауруханаға жеткізілді - Sputnik Қазақстан
2/4
© Айдана Дайырова
Төреғали Төреәлі ауруханаға жеткізілді - Sputnik Қазақстан
3/4
© Айдана Дайырова
Төреғали Төреәлі ауруханаға жеткізілді - Sputnik Қазақстан
4/4
1/4
2/4
3/4
4/4
Естеріңізге сала кетейік, танымал әнші Алматы көшесінде көлікпен келе жатқанда ұсталған. Төреғали Төреәлі полицияға қарсылық танытып, оны көліктен шығару үшін күш қолдануға тура келді.
Артынша медициналық сараптама оның есіртікіге мас күйінде көлік жүргізгенін анықтады. Сот оны 20 тәулікке қамау және 7 жылға көлік жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шығарды.
Әншінің адвокаты Төреғалиға қарсы полицияның негізсіз күш қолданғанын айтты.
Ал туыстары медициналық сараптама нәтижесімен келіспейді. Олардың айтуынша, әнші әуежайға асығып бара жатқан. Жанында жары болған.
Торегали Тореали - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
"Ауыр қылмыс жасағандай": Төреғали Төреәлінің адвокаты әншінің құқығы бұзылғанын мәлімдеді
Жаңалықтар
0