https://sputnik.kz/20230615/auyr-qylmys-zhasaganday-toregali-torealinin-advokaty-anshinin-quqygy-buzylganyn-malimdedi-35971016.html
"Ауыр қылмыс жасағандай": Төреғали Төреәлінің адвокаты әншінің құқығы бұзылғанын мәлімдеді
"Ауыр қылмыс жасағандай": Төреғали Төреәлінің адвокаты әншінің құқығы бұзылғанын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Төреғали Төреәлінің адвокаты полицейлер өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген... 15.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-15T11:04+0500
2023-06-15T11:04+0500
2023-06-15T13:35+0500
төреғали төреәлі
полиция
есірткі
https://sputnik.kz/img/767/80/7678066_0:134:2757:1684_1920x0_80_0_0_8f2b98915cb62a071781aee1542b003c.jpg
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Төреғали Төреәлінің адвокаты полицейлер өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген пікірде.Тілеужан Кішкенебаевтың айтуынша, олар әншіні ұстау кезінде қатал әрекете етіп, әншінің құқығын бұзды."Ол аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскер сияқты 20 полицей келді", - деп ашуланды Тілеужан Кішкенебаев.Желіде әншінің ұсталғаннан кейін медициналық сараптама жасау кезінде адвокат пен полиция арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Видеода полиция қызметкері адвокатқа әншінің есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп, өзіне ғана емес айналасындағыларға да қауіп төндіргенін айтты."Біз заң аясында жұмыс істедік", - деді полиция қызметкері. Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал әнші Алматы көшесінде көлікпен келе жатқанда ұсталған. Төреғали Төреәлі полицияға қарсылық танытып, оны көліктен шығару үшін күш қолдануға тура келді. Артынша медициналық сараптама оның есіртікіге мас күйінде көлік жүргізгенін анықтады. Сот оны 20 тәулікке қамау және 7 жылға көлік жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шығарды.
https://sputnik.kz/20210327/Toregali-toy-bylyk-16628039.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/767/80/7678066_166:0:2589:1817_1920x0_80_0_0_cdc9d5cbe508ac25ad7664f2a9b1dc89.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төреш торегали төреғали төреәлі ұлы дала баласы наша есірткі наркотик әнші полиция
төреш торегали төреғали төреәлі ұлы дала баласы наша есірткі наркотик әнші полиция
"Ауыр қылмыс жасағандай": Төреғали Төреәлінің адвокаты әншінің құқығы бұзылғанын мәлімдеді
11:04 15.06.2023 (жаңартылды: 13:35 15.06.2023) АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Төреғали Төреәлінің адвокаты полицейлер өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген пікірде.
Тілеужан Кішкенебаевтың айтуынша, олар әншіні ұстау кезінде қатал әрекете етіп, әншінің құқығын бұзды.
"Ол аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскер сияқты 20 полицей келді", - деп ашуланды Тілеужан Кішкенебаев.
Желіде әншінің ұсталғаннан кейін медициналық сараптама жасау кезінде адвокат пен полиция арасындағы жанжалдың видеосы тарады.
Видеода полиция қызметкері адвокатқа әншінің есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп, өзіне ғана емес айналасындағыларға да қауіп төндіргенін айтты.
"Біз заң аясында жұмыс істедік", - деді полиция қызметкері.
Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал әнші Алматы көшесінде көлікпен келе жатқанда ұсталған. Төреғали Төреәлі полицияға қарсылық танытып, оны көліктен шығару үшін күш қолдануға тура келді.
Артынша медициналық сараптама оның есіртікіге мас күйінде көлік жүргізгенін анықтады. Сот оны 20 тәулікке қамау және 7 жылға көлік жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шығарды.