Маңғыстауда күн және жел станцияларын салу жоспарланып отыр

© Photo : Үкіметтің баспасөз қызметіМаңғыстаудағы "жасыл" сутегі өндіретін зауыттың құрылысы аясында бұрғылау жұмыстары іске қосылды
Маңғыстаудағы жасыл сутегі өндіретін зауыттың құрылысы аясында бұрғылау жұмыстары іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы "жасыл" сутегі өндіретін зауыттың құрылысы аясында бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Іс-шараға Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов қатысты.
Жоба бойынша Маңғыстауда жалпы қуаты 40 ГВт болатын күн және жел станцияларын салу жоспарланып отыр. Бұл жылына 2 млн тоннаға дейін "жасыл" сутегі немесе 11 млн тонна "жасыл" аммиак өндіруге мүмкіндік береді.
Svevind компаниясының басшысы Вольфганг Кропптың айтуынша, әлемде "жасыл" сутегін өндіру бойынша мұндай ауқымда бірде-бір жоба әлі жүзеге асырылмаған.
Сонымен қатар кәсіпорынға түрлі жұмыстар жүргізуге берілген аумақты аралау кезінде Genesis консалтинг компаниясы – франциялық Technip Energies инженерлік-техникалық және технологиялық компаниясының еншілес фирмасымен алдын ала жобалау-іздестіру жұмыстарын (pre FEED) жүргізуге келісімшартқа қол қойылды.
Бұл зерттеулер маңызды технологиялық шешімдер қабылдауға және зауыт құрылысын егжей-тегжейлі жоспарлауға көмектеседі.
Смайылов пен Германия президенті Ақтауда уақыт капсуласын салды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Смайылов пен Германия президенті Ақтауда "уақыт капсуласын" салды
Жаңалықтар
0