Смайылов пен Германия президенті Ақтауда "уақыт капсуласын" салды

© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіСмайылов пен Германия президенті Ақтауда "уақыт капсуласын" салды
Смайылов пен Германия президенті Ақтауда уақыт капсуласын салды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Жазылу
Қазіргі уақытта Маңғыстауда энергетика саласындағы ірі жобалар іске асып жатыр, оның бірі - "Жасыл" сутекті өндіру зауыты.
АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Ақтаудағы қазақ-неміс тұрақты инженерия институты ғимаратының құрылысы барысында уақыт капсуласын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңа оқу орны Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынады. Білім ордасы Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің базасында жұмыс істейтін болады.
© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіСмайылов пен Германия президенті Ақтауда "уақыт капсуласын" салды
Смайылов пен Германия президенті Ақтауда уақыт капсуласын салды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Смайылов пен Германия президенті Ақтауда "уақыт капсуласын" салды
Жаңа қазақ-неміс институты инженерия саласындағы озық тәжірибені меңгерген техникалық мамандарды даярлайды.
"Инженерлік мамандықты оқып жүрген қазақстандық студенттер Германияның жетекші жоғары оқу орындарында білімін жетілдіретін болады", - делінген үкіметтің хабарламасында.
Германия президентінің айтуынша, жоғары білікті инженерлерді даярлау қазақстандық және неміс компанияларына да тиімді.
© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіСмайылов пен Германия президенті Ақтауда "уақыт капсуласын" салды
Смайылов пен Германия президенті Ақтауда уақыт капсуласын салды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Смайылов пен Германия президенті Ақтауда "уақыт капсуласын" салды
"Екі елге де жақсы мамандар қажет. Осы институт пен оның түлектерінің болашағы жарқын болатынына сенімдімін. Бұл – білім беру саласындағы өте маңызды жоба. Екі ел арасында осы және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық одан әрі де артатын болады. Осы жылдың қыркүйек айында оқудың сәтті басталуын тілеймін", - деді Штайнмайер.
Смайылов Қазақстан мен Германияны көп жылдар бойы өзара тиімді стратегиялық әріптестік байланыстырады деп санайды, оның маңызды бөлігі – жоғары білім және ғылым саласы.
Қазіргі уақытта екі елдің жоғары оқу орындары арасында 178 шарт жасалып, 10-нан астам қос дипломды бағдарлама іске асырылып жатыр. Осыған байланысты Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институтын құру да өзекті.
© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіСмайылов пен Германия президенті Ақтауда "уақыт капсуласын" салды
Смайылов пен Германия президенті Ақтауда уақыт капсуласын салды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Смайылов пен Германия президенті Ақтауда "уақыт капсуласын" салды
"Институт сұранысқа ие кадрларды даярлауға, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуге және жаңа технологияларды, оның ішінде "жасыл" сутекті өндіру саласында әзірлеуге ықпал ететін болады", - деді Смайылов.
Ол "жасыл" экономиканы дамыту – табиғи ресурстарды сақтауға және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған қазіргі әлемдегі негізгі трендтердің бірі екенін айтты.
Сарапшылардың болжамынша, алдағы жылдары металдарды өңдеу, химиялық өндіріс және көлік салаларын қоса алғанда, көптеген салаларда сутегіге әлемдік сұраныс айтарлықтай артады.
"Біз әлемдік үрдістерден артта қалмаймыз, сондай-ақ өзімізде "таза" технологияларды енгізуге ұмтыламыз. Маңғыстау облысындағы "жасыл" экономика өңірдің мұнай-газ саласына деген тәуелділікті азайтады, жаңа жұмыс орындары құрылады және халықтың өмір сүру сапасы жақсарады. Институт бұған өз үлесін қосып, еліміздің батысында ғана емес, Орталық Азия ауқымында да жетекші білім ордаларының біріне айналатынына сенімдімін", — деп атап өтті премьер-министр.
Айта кетейік, оқу орны алғашқы студенттерді қыркүйек айында қабылдайды. Бұл алғашқы студенттер 2029 жылы уақыт капсуласын ашады. Бұл капсулада жаңа оқу орнын алғаш бітіргендерге арналып жазылған үндеу хаты бар.
Білім беру бағдарламасында 8 бакалавриат және 6 магистратура бағдарламалары бар. Олар өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника, су ресурстары және қалдықтарды басқару, жаңартылатын энергия көздерін әзірлеу, инжиниринг, заттар интернеті, деректер ғылымы және жасанды интеллект сияқты бағдарламаларды оқытады.
Касым-Жомарт Токаев и Франк-Вальтер Штайнмайер приняли участие в Форуме ректоров казахско-немецких вузов - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Германия Қазақстанға 6 млрд доллар инвестиция салды
Жаңалықтар
0