Сырттан тиімсіз қарыз тартқаны үшін жазаны қатаңдату ұсынылды

© Sputnik / Владислав ВодневДоллары в Казахстане
Доллары в Казахстане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова сырттан тиімсіз қарыз тартқаны және оны дер кезінде игермегені үшін лауазымды тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшерін ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Годунованың айтуынша, үкімет бюджет тәуекелдерін анықтап, 2050 жылға дейінгі мемлекеттік қаржының ұзақмерзімді тұрақтылығына талдау жасады.
"Борыш саясатында біртіндеп тәртіп пайда болып жатыр. Сырттан тиімсіз қарыз тартқаны және оны уақытылы игермегені үшін лауазымды тұлғалардың дербес әкімшілік жауапкершілігі енгізілді – 100 АЕК (биыл 345 000 теңге). Бұл ретте айыппұл сомасын ұлғайту қажет деп санаймыз", - деді Годунова парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Ол Ұлттық қор қаражатынан республикалық бюджетке бағытталатын трансферттерде ағымдағы сипаттағы шығыстар алынып тасталғанын атап өтті. Ұлттық қордың жинақтау функциясын сақтауды көздейтін бюджеттік ережелер қабылданды.
 Перспективы дальнейшего укрепления казахстанско-чешского сотрудничества обсудили премьер-министр Казахстана Алихан Смаилов и премьер-министр Чехии Петр Фиала - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Мемлекеттік қарызды қалай азайту керек - Смайылов жауап берді
Жаңалықтар
0