Мемлекеттік қарызды қалай азайту керек - Смайылов жауап берді

© Photo Перспективы дальнейшего укрепления казахстанско-чешского сотрудничества обсудили премьер-министр Казахстана Алихан Смаилов и премьер-министр Чехии Петр Фиала
 Перспективы дальнейшего укрепления казахстанско-чешского сотрудничества обсудили премьер-министр Казахстана Алихан Смаилов и премьер-министр Чехии Петр Фиала - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекеттік борышты азайту үшін қандай шаралар қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутат Анас Баққожаев мемлекеттік борыштың ұлғайып бара жатқанына алаңдады.
Айтуынша, 2030 жылға дейін мемлекеттік қарызды басқару бойынша тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай мемлекеттік борышты өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығындар жалпы бюджет шығынының 10%-інен аспауға тиіс. Ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш – 7%, ақшамен алғанда 1,3 трлн теңгені құраған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 320 млрд теңгеге көп.
"Осы уақытқа дейін алынған қарыздарды қайтаруға арналған қаражатты ескерсек, осы мемлекеттік борышты өтеуге, оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың жалпы сомасы – 2,9 трлн теңге. Бұл шығыс бөлігінің – 15,5%-і. Ұлттық қордан түсетін трансферттерді ескермесек, бұл мемлекеттік кірістің 25,2%. Осыған байланысты Әлихан Асханұлы, мемлекеттік борыштың көлемін азайту үшін қандай шаралар қабылданып жатыр? Мемлекеттік борышқа қатысты болжам қандай?", - деп сұрады Баққожаев премьерден.
Әлихан Смайылов мемлекеттік қарызды азайту мәселесі үкіметтің тұрақты назаарында екенін атап өтті.
"Осы саладағы жұмыс халықаралық тәжірибеге сай келеді. Қазір борыш қауіпсіз деңгейде қалыптасып отыр. Ол жалпы ішкі өнімге шаққанда 24,7%-ті құрайды. Мемлекеттік борышты азайту және оған байланысты бюджет шығыстарын азайту мәселесін шешу үшін үкімет бірқатар шара қабылдап жатыр", - деді үкімет басшысы.
Біріншіден, республикалық бюджеттің тапшылығын жалпы ішкі өнімге 2,7%-тен кезең-кезеңімен ары қарай төмендету. Ол жаңа қарыздарды алуға және шығыстардың өсуін шектеуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, бюджеттің өз кірісін ұлғайту. Ол үшін салықтық және кедендік әкімшілендіру жетілдіріледі, цифрландыру жалғасады.
"Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің өз кірісі 42%-ке өсті. Биылғы өсім 40% болады деп жоспарлап отырмыз. Осындай жоғары қарқынды әрі қарай қамтамасыз етуіміз керек", - деп атап өтті премьер-министр.
Үшіншіден, үкімет қарызды негізінен ішкі нарықтан теңгемен алуға басымдық беріп отыр. Ол валюталық тәуекелді азайтуға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, мемлекеттік бағалы қағаздарды халықаралық индекстерге енгізу. Соның негізінде Euroclear халықаралық депозитарийлерді тарту.
"Ол бізге шетелдік инвесторларды кеңінен ішкі қор нарығына тартуға мүмкіндік береді және қарыз алудың құнын төмендетеді. Жалпы алдағы бес жылда мемлекеттік борыш қауіпсіз деңгейде қалыптасады. Жалпы ішкі өнімге 25% шегінен аспайды деп болжап отырмыз", - деп түйіндеді сөзін Смайылов.
Заседание мажилиса парламента - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жамаубаев экспорт-импорт статистикасындағы алшақтықты түсіндірді
Жаңалықтар
0