https://sputnik.kz/20230620/zhamaubaev-eksport-import-statistikasyndagy-alshaqtyqty-tusindirdi-36164807.html
Жамаубаев экспорт-импорт статистикасындағы алшақтықты түсіндірді
Жамаубаев экспорт-импорт статистикасындағы алшақтықты түсіндірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев экспорт-импорт статистикасында неге алшақтық барын түсіндірді, деп... 20.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-20T15:29+0500
2023-06-20T15:29+0500
2023-06-20T15:29+0500
ерұлан жамаубаев
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34129691_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4c445faa956518eb76d8d9716f0ded2f.jpg
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев экспорт-импорт статистикасында неге алшақтық барын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жамаубаев Жоғары аудиторлық палатаның үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджет туралы есебіне берген ескертулеріне түсіндірме берді.Аудиторлық палатаның қорытындысында экспорт-импорт статистикасындағы алшақтық және көлеңкелі экономика бойынша қабылданған шаралардың жеткіліксіз әсері туралы айтылған.Айтуынша, тауарларға арналған декларацияларды бақылау және шығару үшін кедендік функцияларды орталықтандыру жүзеге асырылды. Бұл бақылау шаралары бойынша орталықтандырылған шешім қабылдауға, өткізу пунктеріндегі жедел ахуалға қашықтан мониторинг жүргізуге мүмкіндік беріп жатыр."Сондай-ақ, экспорттық декларациялармен онлайн-алмасу жүргізілуде. Бұл Қытайдан келе жатқан тауарлар туралы алдын ала ақпарат алуға мүмкіндік береді. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижесінде былтыр тек Қытайдан келетін тауарлар бойынша бюджетке 465 млрд теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар түскен. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 60% артық", - деді Жамаубаев.Сондай-ақ министр елімізде көлеңкелі экономика деңгейін төмендету үшін кешенді жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Бұл ретте тек соңғы 4 жылда бюджетке қосымша 3 трлн теңгеден аса қаражат түскен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34129691_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_ce0297ed23adeff5366a79a708894477.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерұлан жамаубаев, экспорт
ерұлан жамаубаев, экспорт
Жамаубаев экспорт-импорт статистикасындағы алшақтықты түсіндірді
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев экспорт-импорт статистикасында неге алшақтық барын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жамаубаев Жоғары аудиторлық палатаның үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджет туралы есебіне берген ескертулеріне түсіндірме берді.
Аудиторлық палатаның қорытындысында экспорт-импорт статистикасындағы алшақтық және көлеңкелі экономика бойынша қабылданған шаралардың жеткіліксіз әсері туралы айтылған.
"Жалпы, әлемдік тәжірибеде барлық елде тауарлардың сыртқы саудасының кедендік статистикасы деректерінде әріптес елдермен сәйкессіздіктер бар. Мұндай алшақтықтың негізгі себебі сыртқы сауда статистикасын қалыптастырудың әдістемелік ерекшелігінде. Дегенмен алшақтықтарды азайту мақсатында бірқатар жүйелі шара қабылдануда", - деді вице-премьер.
Айтуынша, тауарларға арналған декларацияларды бақылау және шығару үшін кедендік функцияларды орталықтандыру жүзеге асырылды. Бұл бақылау шаралары бойынша орталықтандырылған шешім қабылдауға, өткізу пунктеріндегі жедел ахуалға қашықтан мониторинг жүргізуге мүмкіндік беріп жатыр.
"Сондай-ақ, экспорттық декларациялармен онлайн-алмасу жүргізілуде. Бұл Қытайдан келе жатқан тауарлар туралы алдын ала ақпарат алуға мүмкіндік береді. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижесінде былтыр тек Қытайдан келетін тауарлар бойынша бюджетке 465 млрд теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар түскен. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 60% артық", - деді Жамаубаев.
Сондай-ақ министр елімізде көлеңкелі экономика деңгейін төмендету үшін кешенді жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Бұл ретте тек соңғы 4 жылда бюджетке қосымша 3 трлн теңгеден аса қаражат түскен.