Құс ұшар биіктен түсірілген Астананың таңғажайып 25 фотосы
Құс ұшар биіктен түсірілген Астананың таңғажайып 25 фотосы
Sputnik Қазақстан
Бір сәт көз алдыңызға елестетіп көріңізші: сіз әдемі құсқа айналып, қанаттарыңызды серпіп ұшып, Жердің үстін шолып шығуға мүмкіндік алдыңыз. Сонда Қазақстанның... 20.06.2023, Sputnik Қазақстан
Адамға құс боп ұшу бұйырмаған. Бірақ әлемді әуеде қалқып жүрген құс секілді тамашалауға заманауи технологиялар мүмкіндік беріп отыр.Sputnik Қазақстан фототілшісі Владислав Воднев оқырмандарға қалаға құс көзімен қарау мүмкіндігін сыйлап, дронмен түсірілген суреттер топтамасын дайындады. Бұл кадрлар тек әуеден ғана көрінетін бейнелерді көруге, сүйікті Астанамыздың бас айналдыратын көріністеріне, оның қайталанбас ғимараттарына, сол және оң жағалаулардағы қала пейзаждарына, таңның атуы мен күннің батуы кезіндегі әсем көріністерге тамсануға мүмкіндік береді!Хан-Шатыр, Әбу-Даби Плаза мұнаралары, Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт және елордамызды бүкіл әлемге танытатын басқа да көптеген нысандар!Өзіңізді бір сәт қанатты құс ретінде елестетіп, мына керемет суреттерді тамашалаңыз! P.S. Ширек ғасыр ішінде Қазақстанның елордасы – Астана таңғаларлықтай өзгерді. Кезінде құнарлы тың топыраққа бой көтерген шағын қала орнында зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Бұл нысандардың көпшілігі бірегей конструкция саналады. Елордада жаңа тұрғындар – жаңа азаматтар дүниеге келді. 25 жыл ішінде мұнда көптеген іс-шара мен жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Мегаполистің халықаралық аренада өзіндік ерекше архитектуралық стилі мен бейнесі қалыптасты. Астана бүкіл әлемге танылды. Жалпы қаланың елорда мәртебесіндегі осы 25 жылы бас қаланы көшіру туралы шешім тәуелсіз мемлекет тарихындағы жаңа, маңызды кезеңге айналғанын көрсетті.Келе жатқан туған күнің құтты болсын, сүйікті астана! Мәртебең аласармасын!
Бір сәт көз алдыңызға елестетіп көріңізші: сіз әдемі құсқа айналып, қанаттарыңызды серпіп ұшып, Жердің үстін шолып шығуға мүмкіндік алдыңыз. Сонда Қазақстанның бас қаласы – Астананы жоғарыдан тамашалағанда қандай көріністің куәсі болар едіңіз?
Адамға құс боп ұшу бұйырмаған. Бірақ әлемді әуеде қалқып жүрген құс секілді тамашалауға заманауи технологиялар мүмкіндік беріп отыр.
Sputnik Қазақстан фототілшісі Владислав Воднев оқырмандарға қалаға құс көзімен қарау мүмкіндігін сыйлап, дронмен түсірілген суреттер топтамасын дайындады. Бұл кадрлар тек әуеден ғана көрінетін бейнелерді көруге, сүйікті Астанамыздың бас айналдыратын көріністеріне, оның қайталанбас ғимараттарына, сол және оң жағалаулардағы қала пейзаждарына, таңның атуы мен күннің батуы кезіндегі әсем көріністерге тамсануға мүмкіндік береді!
Хан-Шатыр, Әбу-Даби Плаза мұнаралары, Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт және елордамызды бүкіл әлемге танытатын басқа да көптеген нысандар!
Өзіңізді бір сәт қанатты құс ретінде елестетіп, мына керемет суреттерді тамашалаңыз!
"Астана-Бәйтерек" монументі мен шолу мұнарасы. Құрылымның жалпы биіктігі 102 метрді құрайды, ол диаметрі 22 метр болатын шар тәрізді конструкциямен безендірілген. Бәйтерек Астананың символына айналды.
Елорданың көрнекті орындарының бірі – Орталық мешіт. Ол сыйымдылғы жағынан Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болып саналады. Фотосуретте бірегей ғимараттың құрылыс процесі көрсетілген.
Діни ғимарат көлемі жағынан таңғалдырады. Астананың Орталық мешіті әлемнің үздік ондығына енді. Бас қабырғада Алланың 99 есімі жазылған. Мешітте ең үлкен күмбез де бар. Суретте: Күннің батып бара жатқан шуағына бөленген Астана орталық мешітінің биіктен түсірілген бейнесі.
"Шабыт" шығармашылық сарайы – төбесі қиғаш кесілген конус түрінде жасалған бірегей нысан. Ол астананың оң жағалауында орналасқан. "Шабытқа" жақын жерде "Қазақ Елі" монументі, Тәуелсіздік сарайы, Ұлттық Қазақстан тарихы мұражайы және "Әзірет Сұлтан" мешіті орналасқан.
Тәуелсіздік алаңындағы "Қазақ Елі" монументі. Бұл қардай аппақ бағана және төбесіне орнатылған алтын жалатылған Самұрық құсының мүсінін қамтитын конструкция. Осылайша ертегідегі алып құс қаланы құс ұшар биіктіктен "күзетіп" тұр.
Дүниежүзіндегі ең үлкен шатыр – Хан-Шатыр. Қазақстанның астанасындағы үлкен сауда және ойын-сауық орталығы полимерлі жабынмен жабылған алып шатыр түрінде құрастырылған. Жабынның арнайы химиялық құрамының арқасында кешеннің іші температураның күрт өзгеруінен қорғалған, қолайлы микроклимат қалыптасқан.
ЭКСПО халықаралық көрме орталығы, "Нұр Әлем" шары – Астананы бейнелейтін бірегей және танымал ғимараттардың бірі. Бұл әлемдегі ең үлкен шар тәрізді ғимарат. Шардың диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр.
Елорданың тіпті жергілікті тұрғындар да біле бермейтін құпия жерлері бар. Ондай жерлерді фотографтар жақсы біледі! Суретте: жоғарыдан түсірілген қаланың өндірістік бөлігіндегі вагондар тұрған темір жол рельстері.
Міне, елордадағы тағы бір қызықты орын. Бұл әуежай аймағы емес. Астананың оң жағалауындағы Лев Толстой көшесі аумағында нағыз ұшақ бар. Ескі, тозығы жеткен ұшақ өзінше бір "мұражайға" айналған. Оның жанында "зейнетке шыққан" қайық та тұр.
Елорданың алуан түрлі және қызықты геометриясы. Суретте: алтын күмбезді Әбу Наср әл-Фараби мешіті. Дегенмен нысанның жоғарыдан қараған кездегі көрінісі жасанды интеллект, роботтарды еске салады.
Астананың ғажайып көрінісі. Бұл суреттер арқылы қаланы зерттеуге болады. Суреттен Президент саябағы аймағының бір бөлігін және жақын жерде орналасқан тұрғын үй орамдарын көре аласыз.
P.S. Ширек ғасыр ішінде Қазақстанның елордасы – Астана таңғаларлықтай өзгерді. Кезінде құнарлы тың топыраққа бой көтерген шағын қала орнында зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Бұл нысандардың көпшілігі бірегей конструкция саналады. Елордада жаңа тұрғындар – жаңа азаматтар дүниеге келді. 25 жыл ішінде мұнда көптеген іс-шара мен жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Мегаполистің халықаралық аренада өзіндік ерекше архитектуралық стилі мен бейнесі қалыптасты. Астана бүкіл әлемге танылды. Жалпы қаланың елорда мәртебесіндегі осы 25 жылы бас қаланы көшіру туралы шешім тәуелсіз мемлекет тарихындағы жаңа, маңызды кезеңге айналғанын көрсетті.
Келе жатқан туған күнің құтты болсын, сүйікті астана! Мәртебең аласармасын!