Құс ұшар биіктен түсірілген Астананың таңғажайып 25 фотосы
"Астана-Бәйтерек" монументі мен шолу мұнарасы. Құрылымның жалпы биіктігі 102 метрді құрайды, ол диаметрі 22 метр болатын шар тәрізді конструкциямен безендірілген. Бәйтерек Астананың символына айналды.

Бұл "Бәйтеректің" құс ұшар биіктіктен қарағандағы көрінісі!

Елорданың көрнекті орындарының бірі – Орталық мешіт. Ол сыйымдылғы жағынан Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болып саналады. Фотосуретте бірегей ғимараттың құрылыс процесі көрсетілген.

Діни ғимарат көлемі жағынан таңғалдырады. Астананың Орталық мешіті әлемнің үздік ондығына енді. Бас қабырғада Алланың 99 есімі жазылған. Мешітте ең үлкен күмбез де бар. Суретте: Күннің батып бара жатқан шуағына бөленген Астана орталық мешітінің биіктен түсірілген бейнесі.

"Шабыт" шығармашылық сарайы – төбесі қиғаш кесілген конус түрінде жасалған бірегей нысан. Ол астананың оң жағалауында орналасқан. "Шабытқа" жақын жерде "Қазақ Елі" монументі, Тәуелсіздік сарайы, Ұлттық Қазақстан тарихы мұражайы және "Әзірет Сұлтан" мешіті орналасқан.

Тәуелсіздік алаңындағы "Қазақ Елі" монументі. Бұл қардай аппақ бағана және төбесіне орнатылған алтын жалатылған Самұрық құсының мүсінін қамтитын конструкция. Осылайша ертегідегі алып құс қаланы құс ұшар биіктіктен "күзетіп" тұр.

Қаланың құс ұшар биіктен қарағандағы таңғажайып көрінісі: Есіл өзені астананы сол мен оң жағалауға бөліп тұр.

Дүниежүзіндегі ең үлкен шатыр – Хан-Шатыр. Қазақстанның астанасындағы үлкен сауда және ойын-сауық орталығы полимерлі жабынмен жабылған алып шатыр түрінде құрастырылған. Жабынның арнайы химиялық құрамының арқасында кешеннің іші температураның күрт өзгеруінен қорғалған, қолайлы микроклимат қалыптасқан.

Бұл суреттен қалада қою түстер басым және тұманды екенін көруге болады. Таң қылаң берген шақта құстар елорданы жиі осы бейнеде көретін шығар.

ЭКСПО халықаралық көрме орталығы, "Нұр Әлем" шары – Астананы бейнелейтін бірегей және танымал ғимараттардың бірі. Бұл әлемдегі ең үлкен шар тәрізді ғимарат. Шардың диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр.

Орталық саябақтың айналасы және кешкі уақытта Есіл өзенінде жүзген теплоходтар.

Бұл Астананың "жасыл" аймағының құс ұшар биіктіктегі көрінісі.

Астананың оң жағалауындағы ғимараттардың аспаннан түсірілген мына көрінісі бала кезде жиі ойнайтын тетрис ойынын еске түсіреді.

Күн шуағына бөленген Ақорда. Мемлекет басшысының резиденциясы биіктен қарағанда осындайғ ғажайып көрініске ие.

"Қазақстан" – бұл елордадағы "Әбу-Даби Плаза" кешенінің ең биік мұнарасының атауы.

"Әбу-Даби Плаза" кешенінің мұнарасы бұлтпен "тілдесіп" тұрған мына сурет дронның көмегімен түсірілген.

Елорданың тіпті жергілікті тұрғындар да біле бермейтін құпия жерлері бар. Ондай жерлерді фотографтар жақсы біледі! Суретте: жоғарыдан түсірілген қаланың өндірістік бөлігіндегі вагондар тұрған темір жол рельстері.

Міне, елордадағы тағы бір қызықты орын. Бұл әуежай аймағы емес. Астананың оң жағалауындағы Лев Толстой көшесі аумағында нағыз ұшақ бар. Ескі, тозығы жеткен ұшақ өзінше бір "мұражайға" айналған. Оның жанында "зейнетке шыққан" қайық та тұр.

Әскери мұражай, қалалық саябақтағы көпір және батқан күннің нұрына бөленген Есіл өзені.

Елорданың алуан түрлі және қызықты геометриясы. Суретте: алтын күмбезді Әбу Наср әл-Фараби мешіті. Дегенмен нысанның жоғарыдан қараған кездегі көрінісі жасанды интеллект, роботтарды еске салады.

Бұл қалалық Ботаникалық бақ. Жерден қарағанда мұндай көріністі көре алмайсың.

Синхронды және симметриялы Астана: сол жағалаудағы нысандар мен Мәңгілік ел аркасы.

Астанадағы автомобиль жолдары бүтіндей бір ою-өрнекке немесе мозаикаға ұқсайды.

Неон жарықтарының "құшағындағы" түнгі Астана.

Астананың ғажайып көрінісі. Бұл суреттер арқылы қаланы зерттеуге болады. Суреттен Президент саябағы аймағының бір бөлігін және жақын жерде орналасқан тұрғын үй орамдарын көре аласыз.