Астанада Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды басталды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаместитель министра иностранных дел РФ Михаил Богданов
Заместитель министра иностранных дел РФ Михаил Богданов - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Америкалықтар Сириядағы мемлекетішілік қақтығысты шешуге мүдделі емес, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов.
"Америкалықтар онда өздерінің әкімшілігі бар осындай шағын немесе квазимемлекетті ұйымдастыратын бірқатар күрд ұйымдарына сенім артып, оларға қолдау көрсетіп жатыр. Бұл дұрыс емес. Бұл – Сирияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзу. Біз күрдтердің мәселелерін диалог арқылы шешуді қолдаймыз. Менің ойымша, америкалықтар бұған мүдделі емес және олар күрд одақтастары Дамаскпен диалог жүргізуін қаламайды", - деп түсіндірді Богданов Астанада өтіп жатқан Сирия бойынша келіссөздердің 20-раундында.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары атап өткендей, келіссөз процесі өзара мемлекеттердің құрметі мен аумақтық тұтастығы, бірлігі мен егемендігі қағидаттарына негізделуі тиіс.
"Соңғы 12 жылдан астам уақыт ішінде босқындарды қайтару, қауіпсіздік мәселелері және терроризмге қарсы бірлесіп күресу сияқты көптеген мәселе туындады. Біз барлық мәселелер кешенін шешеміз. Бір-бірінен бөліп-жармаймыз. Мысалы, босқындарды қайтару тек терроризмді жоюды ғана емес, экономикалық мәселені, экономиканы, қираған қалалардың, ауылдардың инфрақұрылымын қалпына келтіруді қажет етеді. Бұл бірлескен күш-жігермен жасалуы керек. Біз осы мәселені шешуде араб елдері де қолдау көрсетеді деген үміттеміз", - деді Богданов.
Ол 10 мамырда Мәскеуде Ресей, Сирия, Түркия және Иран сыртқы істер министрлерінің кездесуі өткенін еске салды.
"Бізге Сирия мен Түркия арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру процесінің жол картасын дайындау тапсырылды. Бұл жұмыста ілгерілеушілік болады деп үміттенеміз", - деді ол.
Айта кетсек, 20-21 маусымда Қазақстан астанасында Сирия бойынша 20-шы халықаралық кездесу өтіп жатыр.
Келіссөзге кепіл елдер – Ресей, Түркия және Иран делегациялары қатысады. Сондай-ақ Сирия үкіметі мен сириялық оппозиция өкілдері де қатысады. БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдері бақылаушы ретінде келеді деп жоспарланып отыр.
Жер сілкінісінен зардап шеккен Алеппо - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Қоғам
Сирия президенті Тоқаевқа алғыс айтты
Жаңалықтар
0