Қоғам

Сирия президенті Тоқаевқа алғыс айтты

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖер сілкінісінен зардап шеккен Алеппо
Жер сілкінісінен зардап шеккен Алеппо - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаевтың атына Сирия президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.
"Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды", – деп жазылған жеделхатта.
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберген болатын. Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінді.
Гуманитарлық жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына әуе рейстерімен жеткізілді.
Алеппо, Сирия - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Әлем
Сирияға гуманитарлық көмек көрсету үшін бюджеттен 160 млн теңге бөлінеді
Жаңалықтар
0