https://sputnik.kz/20230210/siriyaga-gumanitarlyq-komek-korsetu-ushin-byudzhetten-160-mln-tenge-bolinedi-31985715.html
Сирияға гуманитарлық көмек көрсету үшін бюджеттен 160 млн теңге бөлінеді
Сирияға гуманитарлық көмек көрсету үшін бюджеттен 160 млн теңге бөлінеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін Қазақстан бюджеттен 160 миллион теңгеден астам қаражат... 10.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-10T16:57+0500
2023-02-10T16:57+0500
2023-02-10T17:00+0500
әлем
сирия
бюджет
теңге
гуманитарлық көмек
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31935874_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_7fcd178cfcf8671daa005cba5e560680.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін Қазақстан бюджеттен 160 миллион теңгеден астам қаражат бөледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Президент Қазақстан үкіметіне жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырған болатын. Көмек Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында жөнелтіледі. "Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 160 миллион теңгеден астам сома бөлінеді. Жалпы салмағы 50 тонна азық-түлік, жылы киім, шатырлар мен төсек-орын жабдықтары түріндегі көмек Қазақстан Республикасы арнайы әуе кемелерімен Сирия Араб Республикасының аумағына жеткізіледі", - деді Смадияров журналистерге арналған брифингте. Айтуынша, бүгін бірінші ұшақ Алматы қаласынан Сирияға ұшып шықты. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының басшылығы Қазақстанның Ливандағы елшілігі мен Қазақстанның Сириядағы консулдығының көмегімен Алеппо қаласында Сирияның уәкілетті өкілдеріне гуманитарлық жүкті тапсырады. Айта кетері, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы – толыққанды халықаралық ұйым мәртебесімен өзіндік халықаралық құқық субъектілігі бар, Ислам ынтымақтастығы ұйымының мамандандырылған институты. Қазақстан бастамасымен 2011 жылы құрылған, штаб-пәтері Астанада орналасқан. Бұған дейін Қазақстан Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлді. Бұдан бөлек, қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына аттанды. Қазір олар түрік әріптестерімен бірге іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
https://sputnik.kz/20230210/turkiyada-eki-qazaqstandyqtyn-denesi-11-aqpanda-elge-zhetkiziledi-31984072.html
сирия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31935874_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_a393917e987651a928ac6d0a36b7d304.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сирия, бюджет, теңге, гуманитарлық көмек
сирия, бюджет, теңге, гуманитарлық көмек
Сирияға гуманитарлық көмек көрсету үшін бюджеттен 160 млн теңге бөлінеді
16:57 10.02.2023 (жаңартылды: 17:00 10.02.2023) АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін Қазақстан бюджеттен 160 миллион теңгеден астам қаражат бөледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент Қазақстан үкіметіне жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырған болатын. Көмек Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында жөнелтіледі.
"Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 160 миллион теңгеден астам сома бөлінеді. Жалпы салмағы 50 тонна азық-түлік, жылы киім, шатырлар мен төсек-орын жабдықтары түріндегі көмек Қазақстан Республикасы арнайы әуе кемелерімен Сирия Араб Республикасының аумағына жеткізіледі", - деді Смадияров журналистерге арналған брифингте.
Айтуынша, бүгін бірінші ұшақ Алматы қаласынан Сирияға ұшып шықты. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының басшылығы Қазақстанның Ливандағы елшілігі мен Қазақстанның Сириядағы консулдығының көмегімен Алеппо қаласында Сирияның уәкілетті өкілдеріне гуманитарлық жүкті тапсырады.
Айта кетері, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы – толыққанды халықаралық ұйым мәртебесімен өзіндік халықаралық құқық субъектілігі бар, Ислам ынтымақтастығы ұйымының мамандандырылған институты. Қазақстан бастамасымен 2011 жылы құрылған, штаб-пәтері Астанада орналасқан.
Бұған дейін Қазақстан Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлді. Бұдан бөлек, қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына аттанды. Қазір олар түрік әріптестерімен бірге іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.