https://sputnik.kz/20230210/turkiyada-eki-qazaqstandyqtyn-denesi-11-aqpanda-elge-zhetkiziledi-31984072.html
Түркияда көз жұмған екі қазақстандықтың денесі 11 ақпанда елге жеткізіледі
Түркияда көз жұмған екі қазақстандықтың денесі 11 ақпанда елге жеткізіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматтары Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашевтің денесі ертең елге... 10.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-10T16:06+0500
2023-02-10T16:06+0500
2023-02-10T16:08+0500
түркия
қазақстандықтар
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0a/31983667_0:90:3072:1818_1920x0_80_0_0_aaa7206ebf9ae3c586a1506234baf4fe.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматтары Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашевтің денесі ертең елге жеткізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Хатай провинциясының Антакья қаласында үйдің құлауы салдарынан қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Сондай-ақ, жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярованың жағдайы туралы айтты. Қазақстандық қыз қазір Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында жатыр. Кеше оның қолына ота жасалған. Жағдайы тұрақты. "Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін консул оған жеке барып қайтады", - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі. Бұған дейін Түркиядағы зілзала кезінде Қазақстанның үш азаматы жоғалып кеткені хабарланған болатын. Олардың бірі Сабина Мамадиярова тірі табылды. Тағы екеуі – Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашев көз жұмды. Тағы бір қазақстандық қыз Кахраманмараш қаласында іздестіріліп жатыр.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0a/31983667_182:0:2913:2048_1920x0_80_0_0_87ea5693ddfb6a7b1c9d9c44ad14eee6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, қазақстандықтар
Түркияда көз жұмған екі қазақстандықтың денесі 11 ақпанда елге жеткізіледі
16:06 10.02.2023 (жаңартылды: 16:08 10.02.2023) АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматтары Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашевтің денесі ертең елге жеткізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Хатай провинциясының Антакья қаласында үйдің құлауы салдарынан қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
"Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың денесін отанға жеткізу үшін барынша көмек көрсетеді. Отандастарымыздың денесі 11 ақпанда Анталья-Алматы тұрақты рейсімен Қазақстанға жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Барлық шығынды мемлекет өз мойнына алады", - деді Смадияров журналистерге арналған брифингте.
Сондай-ақ, жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярованың жағдайы туралы айтты. Қазақстандық қыз қазір Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында жатыр. Кеше оның қолына ота жасалған. Жағдайы тұрақты.
"Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін консул оған жеке барып қайтады", - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі.
Бұған дейін Түркиядағы зілзала кезінде Қазақстанның үш азаматы жоғалып кеткені хабарланған болатын. Олардың бірі Сабина Мамадиярова тірі табылды. Тағы екеуі – Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашев көз жұмды. Тағы бір қазақстандық қыз Кахраманмараш қаласында іздестіріліп жатыр.