Тоқаев басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасатынын айтты

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев
Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басшыларға қойылатын негізгі екі талапты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Түркістанда өткен ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында Тоқаев халық ішінде мемлекеттік аппараттың жұмысына қатысты біраз сын-пікірлер бар екенін білетінін жеткізді. Ал осы саладағы жұмыстың негізгі мақсаты – билікке "адал азаматтың" келуі.
"Ең бастысы, біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана-сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой-беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс. "Адал азамат" дегеніміз – осы", - деді Тоқаев.
Оның айутынша, басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғаса береді.
"Мемлекет басшысы ретінде айтарым, министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиет болуы керек. Бұл – профессионализм, яғни нағыз маман болу және отаншылдық. Ал, олардың президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес. Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқарып, халықтың алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды. Барлық мемлекеттік қызметшілерге осыны айтқым келеді", - деп атап өтті президент.
Памятник Кенесары хану в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2023
Мемлекет басшысы Кенесары ханға қатысты қуанышты жаңалықты жариялады
Жаңалықтар
0