https://sputnik.kz/20230617/qogam-ozgeristi-bireuden-madaq-estu-ushin-emes-ozi-ushin-zhasauy-tiis--toqaev-36060004.html
Қоғам өзгерісті біреуден мадақ есту үшін емес, өзі үшін жасауға тиіс – Тоқаев
Қоғам өзгерісті біреуден мадақ есту үшін емес, өзі үшін жасауға тиіс – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың қанына сіңген әдеті туралы сөз қозғады. 17.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-17T11:19+0500
2023-06-17T11:19+0500
2023-06-19T09:04+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/06/11/36059841_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_588a5a30784534f5ad939cb0fd0956ca.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың қанына сіңген әдеті туралы сөз қозғады. Президенттің айутынша, аға буын өкілдері де еңбекқорлық және іскерлік сияқты құндылықтарды көрсетуі керек. Сонда жастар көп сөзге құмар, жағымпаз, жалқау, енжар, масыл болмайды. Біздің қоғам өзгерісті біреуден мадақ есту үшін емес, ең алдымен, өзі үшін жасауға тиіс."Жас ұрпақ тарих тағылымын және елдің жарқын болашаққа ұмтылысын бір арнаға тоғыстырып жатыр. Осылайша, олар ұлттың рухын жаңғыртуда. Осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейте түсу – мемлекеттің міндеті. Бұл міндетті абыроймен атқарсақ, қазақтың ренессанс дәуірі, яғни түбегейлі өзгерістер заманы келеді", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20230617/toqaev-quryltayda-aytylgan-usynystardy-zerdeleuge-uade-berdi-36059468.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/11/36059841_122:0:1191:802_1920x0_80_0_0_5178d16556e30891c13ef7d4544db5c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қоғам өзгерісті біреуден мадақ есту үшін емес, өзі үшін жасауға тиіс – Тоқаев
11:19 17.06.2023 (жаңартылды: 09:04 19.06.2023) АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың қанына сіңген әдеті туралы сөз қозғады.
"Ашығын айтсақ, біз кейде өз өмірімізден гөрі жұрттың пікіріне көбірек мән береміз. Тіпті, бұл әдет қанымызға сіңген деуге болады. Әрине, қазақтың қонақжайлығы – жақсы қасиет. Бірақ үйдің іші-сыртын қонақ келгенде ғана ретке келтіру дұрыс емес", - деді Тоқаев ұлттық құрылтайдың екінші отырысында.
Президенттің айутынша, аға буын өкілдері де еңбекқорлық және іскерлік сияқты құндылықтарды көрсетуі керек. Сонда жастар көп сөзге құмар, жағымпаз, жалқау, енжар, масыл болмайды. Біздің қоғам өзгерісті біреуден мадақ есту үшін емес, ең алдымен, өзі үшін жасауға тиіс.
"Жас ұрпақ тарих тағылымын және елдің жарқын болашаққа ұмтылысын бір арнаға тоғыстырып жатыр. Осылайша, олар ұлттың рухын жаңғыртуда. Осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейте түсу – мемлекеттің міндеті. Бұл міндетті абыроймен атқарсақ, қазақтың ренессанс дәуірі, яғни түбегейлі өзгерістер заманы келеді", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.