https://sputnik.kz/20230617/toqaev-quryltayda-aytylgan-usynystardy-zerdeleuge-uade-berdi-36059468.html
Тоқаев құрылтайда айтылған ұсыныстарды зерделеуге уәде берді
Тоқаев құрылтайда айтылған ұсыныстарды зерделеуге уәде берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда айтылған ой-пікірлерді мұқият зерделеуге тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik... 17.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-17T11:10+0500
2023-06-17T11:10+0500
2023-06-17T11:24+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/06/11/36059305_0:0:800:451_1920x0_80_0_0_54ca9833d553dd34863a8acf8a476f54.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда айтылған ой-пікірлерді мұқият зерделеуге тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Түркістан қаласында ұлттық құрылтайдың екінші отырысы басталды. Тоқаев алдымен биылғы жиынды Түркістан қаласында өткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті."Біз қазір бабаларымыз кеңес құрған әйгілі Күлтөбенің іргесінде отырмыз. Әбіш Кекілбаев "Қазақ рухының қағбасы" деп атаған Ордабасы осы жерге тиіп тұр. Осынау әйгілі төбелерде халқымыздың игі жақсылары сан рет бас қосқан. Қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара береді. Сондықтан, осы аймақты басқарып отырған басшыларға зор жауапкершілік жүктеледі", - деді президент.Оның айтуынша, кешеден бері бірнеше тақырып бойынша жан-жақты, қызу талқылау болды. Құрылтайға қатысушылар үкімет мүшелерімен пікір алмасты, өз ойларын ортаға салды. Тың бастамалар көтерілді."Президент Әкімшілігі соның бәрін мұқият зерделейді. Ортақ бір тұжырымды әзірлейді. Салмақты ұсыныстар алдағы жұмыс кезінде міндетті түрде ескеріледі. Пікірталасқа белсене қатысқан барша азаматтарға ризашылығымды білдіремін", - деп атап көрсетті. Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/11/36059305_54:0:771:538_1920x0_80_0_0_1b15c350ee4e717694b01d3749a9f896.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев құрылтайда айтылған ұсыныстарды зерделеуге уәде берді
11:10 17.06.2023 (жаңартылды: 11:24 17.06.2023) АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда айтылған ой-пікірлерді мұқият зерделеуге тапсырма берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Түркістан қаласында ұлттық құрылтайдың екінші отырысы басталды. Тоқаев алдымен биылғы жиынды Түркістан қаласында өткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
"Біз қазір бабаларымыз кеңес құрған әйгілі Күлтөбенің іргесінде отырмыз. Әбіш Кекілбаев "Қазақ рухының қағбасы" деп атаған Ордабасы осы жерге тиіп тұр. Осынау әйгілі төбелерде халқымыздың игі жақсылары сан рет бас қосқан. Қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара береді. Сондықтан, осы аймақты басқарып отырған басшыларға зор жауапкершілік жүктеледі", - деді президент.
Оның айтуынша, кешеден бері бірнеше тақырып бойынша жан-жақты, қызу талқылау болды. Құрылтайға қатысушылар үкімет мүшелерімен пікір алмасты, өз ойларын ортаға салды. Тың бастамалар көтерілді.
"Президент Әкімшілігі соның бәрін мұқият зерделейді. Ортақ бір тұжырымды әзірлейді. Салмақты ұсыныстар алдағы жұмыс кезінде міндетті түрде ескеріледі. Пікірталасқа белсене қатысқан барша азаматтарға ризашылығымды білдіремін", - деп атап көрсетті. Тоқаев.