https://sputnik.kz/20230617/qazaqstanda-ordender-adam-atymen-atalady--toqaev-tagy-bir-medaldin-atyn-zhariyalady-36063245.html
Қазақстанда орден-медальдарға көрнекті тұлғалардың есімі беру ұсынылды
Қазақстанда орден-медальдарға көрнекті тұлғалардың есімі беру ұсынылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік марапаттар жүйесіне өзгертуге қатысты жоспарды жариялады, деп хабарлайды Sputnik... 17.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-17T13:27+0500
2023-06-17T13:27+0500
2023-06-19T09:02+0500
қасым-жомарт тоқаев
орден
https://sputnik.kz/img/07e7/05/05/34595306_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2290821295c0e885debed94ee624b85f.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік марапаттар жүйесіне өзгертуге қатысты жоспарды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жақында мемлекеттік сыйлықтар қазақтың біртуар перзенттерінің есімімен атала бастады. Мәселен, Әл-Фараби, Абай, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы сыйлықтар бар. Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік наградалар жүйесін де осы тәсілмен өзгерту керек. Бүгінде көптеген мемлекетте орден-медальдарға көрнекті тұлғалардың есімі берілген. Осылайша, тарихта өшпес із қалдырған әйгілі адамдардың есімін ұрпақ санасына сіңіреді.Осы орайда президент бұған дейін "Ел бірлігі" атты жаңа мемлекеттік награда бекітуді тапсырғанын еске салды. Алдағы Республика күнінде бұл марапат алғаш рет тапсырылады."Ал келесі жылғы Республика күнінде тарихи тұлғалардың атымен аталған ордендерді табыстаймыз. Жыл соңына дейін осы мәселені мұқият сараптап, нақты ұсыныс енгізу қажет. Президент Әкімшілігі бұл жұмысты құзырлы мемлекеттік органдармен, ғалымдармен және сарапшылармен бірге атқарады. Мен өзім бұл мәселеге айрықша мән беремін. Сол себепті әрбір орден-медальдің терең мағыналы әрі ерекше болуы, жұрт көңілінен шығатындай болуы өте маңызды. Сол үшін мемлекеттік марапаттар жүйесін халықтың жанына жақын әрі түсінікті етіп жасау қажет", - деп атап көрсетті Тоқаев.
https://sputnik.kz/20230617/enbek-kuni-uzdik-mamandarga-memlekettik-dengeyde-qurmet-korsetiledi-36062811.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/05/34595306_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8ddba3609a6da3177b6289e10f9564ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, орден
қасым-жомарт тоқаев, орден
Қазақстанда орден-медальдарға көрнекті тұлғалардың есімі беру ұсынылды
13:27 17.06.2023 (жаңартылды: 09:02 19.06.2023) АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік марапаттар жүйесіне өзгертуге қатысты жоспарды жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Жақында мемлекеттік сыйлықтар қазақтың біртуар перзенттерінің есімімен атала бастады. Мәселен, Әл-Фараби, Абай, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы сыйлықтар бар. Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік наградалар жүйесін де осы тәсілмен өзгерту керек. Бүгінде көптеген мемлекетте орден-медальдарға көрнекті тұлғалардың есімі берілген. Осылайша, тарихта өшпес із қалдырған әйгілі адамдардың есімін ұрпақ санасына сіңіреді.
"Қолданыстағы кейбір ордендерді халқымыздың біртуар перзенттерінің есімімен атау мәселесін ойластыру қажет. Мысалы, Бейбарыс Сұлтан және басқа да тарихи тұлғалар атындағы орденнің иегері атану кім-кімге де зор мәртебе болар еді", - деді Тоқаев ұлттық құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Осы орайда президент бұған дейін "Ел бірлігі" атты жаңа мемлекеттік награда бекітуді тапсырғанын еске салды. Алдағы Республика күнінде бұл марапат алғаш рет тапсырылады.
"Ал келесі жылғы Республика күнінде тарихи тұлғалардың атымен аталған ордендерді табыстаймыз. Жыл соңына дейін осы мәселені мұқият сараптап, нақты ұсыныс енгізу қажет. Президент Әкімшілігі бұл жұмысты құзырлы мемлекеттік органдармен, ғалымдармен және сарапшылармен бірге атқарады. Мен өзім бұл мәселеге айрықша мән беремін. Сол себепті әрбір орден-медальдің терең мағыналы әрі ерекше болуы, жұрт көңілінен шығатындай болуы өте маңызды. Сол үшін мемлекеттік марапаттар жүйесін халықтың жанына жақын әрі түсінікті етіп жасау қажет", - деп атап көрсетті Тоқаев.