https://sputnik.kz/20230617/enbek-kuni-uzdik-mamandarga-memlekettik-dengeyde-qurmet-korsetiledi-36062811.html
Еңбек күні үздік мамандарға мемлекеттік деңгейде құрмет көрсетіледі
Еңбек күні үздік мамандарға мемлекеттік деңгейде құрмет көрсетіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз саласының үздік мамандарын мемлекеттік деңгейде ұлықтауға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik... 17.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-17T13:09+0500
2023-06-17T13:09+0500
2023-06-17T13:09+0500
қасым-жомарт тоқаев
еңбек
https://sputnik.kz/img/828/25/8282597_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_3a802333cca74d13d4181471421b5bab.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз саласының үздік мамандарын мемлекеттік деңгейде ұлықтауға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында президент тағы еңбек адамдарының мәртебесін арттыру мәселесін көтерді."Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз маман болады. Ерінбей еңбек еткен жан өз ісінің майталманы атанады. Ал кәсібін толық меңгерген адам қашанда сұранысқа ие болады. Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән береміз. Елімізде түрлі саланың кәсіби мерекесі бар. Көбінесе мұндай мейрамдар назардан тыс қалып жатады", - деді Тоқаев.Осы орайда президент Еңбек күніне орай ең үздік мамандарды мемлекеттік деңгейде ұлықтауды ұсынды."Бұл қадам қоғамда еңбек культін орнықтыруға жол ашады. Шын мәнінде, қандай жұмыс істеп жүргенің емес, оны қалай істеп жүргенің әлдеқайда маңызды. Министр немесе әкім болсын, құрылысшы, дәрігер, мұғалім болсын, ең бастысы, әркім өз міндетін адал атқаруы керек. Нанын адал еңбекпен табуы керек", - деп атап көрсетті президент.Айта кетері, 2013 жылы Қазақстанда Еңбек күні белгіленген болатын. Оны қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтеді. Биыл осы мереке 24 қыркүйекке келіп тұр.
https://sputnik.kz/20230617/toqaev-khalyq-arasynda-tarap-zhurgen-daqpyrtqa-senbeuge-shaqyrdy-36061847.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/828/25/8282597_111:0:1818:1280_1920x0_80_0_0_7a8853dfe1e5d46905ccf18af9381923.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, еңбек
қасым-жомарт тоқаев, еңбек
Еңбек күні үздік мамандарға мемлекеттік деңгейде құрмет көрсетіледі
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз саласының үздік мамандарын мемлекеттік деңгейде ұлықтауға ұсыныс жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында президент тағы еңбек адамдарының мәртебесін арттыру мәселесін көтерді.
"Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз маман болады. Ерінбей еңбек еткен жан өз ісінің майталманы атанады. Ал кәсібін толық меңгерген адам қашанда сұранысқа ие болады. Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән береміз. Елімізде түрлі саланың кәсіби мерекесі бар. Көбінесе мұндай мейрамдар назардан тыс қалып жатады", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент Еңбек күніне орай ең үздік мамандарды мемлекеттік деңгейде ұлықтауды ұсынды.
"Бұл қадам қоғамда еңбек культін орнықтыруға жол ашады. Шын мәнінде, қандай жұмыс істеп жүргенің емес, оны қалай істеп жүргенің әлдеқайда маңызды. Министр немесе әкім болсын, құрылысшы, дәрігер, мұғалім болсын, ең бастысы, әркім өз міндетін адал атқаруы керек. Нанын адал еңбекпен табуы керек", - деп атап көрсетті президент.
Айта кетері, 2013 жылы Қазақстанда Еңбек күні белгіленген болатын. Оны қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтеді. Биыл осы мереке 24 қыркүйекке келіп тұр.