Президент үш ауданды қалпына келтіруге тапсырма берді

© Photo : visiteast.kzҚатон-қарағай
Қатон-қарағай - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шекараға жақын үш ауданды қалпына келтіру туралы ұсынысты қолдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін "Аманат" партиясы бірқатар шекаралас ауданды қалпына келтіруге бастама көтерді. Үкімет те осы мәселені пысықтап шықты.
"Мен соған сәйкес Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым. Әрине, бұған арнайы дайындық керек. Қажетті есеп-қисабын жасап, қаражатымызға, бюджеттің мүмкіндігіне қарауымыз керек. Тиісті жұмыстың бәрін биыл аяқтап, алдағы екі жылдың ішінде осы үш ауданды қалпына келтіре бастаймыз", - деді Тоқаев ұлттық құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, шекараға жақын аудандарды қалпына келтіру ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан өте маңызды мәселе. Оны көпке созбай, шешу керек.
Осы орайда мемлекет басшысы былтыр президент сайлауынан кейін ең алдымен ауылды дамыту мәселесіне арналған жарлыққа қол қойғанын еске салды. Үкімет алдағы 5 жылда ауылды дамытуға айрықша күш салатын болады.
"Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Елге еңбегі сіңген көрнекті тұлғалардың басым көпшілігі ауылдан шыққан. Біз елімізді өркендетеміз десек, ауыл мектебінің жай-күйін жақсартуды мықтап қолға алуымыз керек. Бұл жұмысты "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасының аясында кешенді түрде жүзеге асыру қажет. Яғни, мектеп салу, күрделі жөндеу жүргізу және оны жабдықтау жұмысын тиісті деңгейде атқару маңызды", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2023
Тоқаев басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасатынын айтты
Жаңалықтар
0