Жамбыл облысында оқушы "Ақылды үй" жобасын ойлап тапты

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Жамбылдық оқушы вай-файмен басқарылатын "Ақылды үй" жобасын ойлап тапты.
Елубай есімді меркілік жас өнертапқыш заманауи үйді телефон арқылы басқаруға болатынын айтады, деп хабарлады Хабар 24.
Баспана шатырдағы күн панельдері арқылы жарық пен жылу алады. Ол бүгінде өзі жасаған заманауи үйдің бағдарламасын жетілдіріп жүр. Алдағы уақытта барлық есік-терезе, едені мен шатыры, тіпті жиһазына дейін телефон арқылы басқарылмақ.
Ол осы мақсатта "Өркен" шығармашылық орталығында тынбай еңбектенуде. Ал "Үміт" оқушылар сарайының шәкірттері суретке сәуле түсіру арқылы мультфильм жасайды. Жеткіншектер бір жыл ішінде екі ертегіден үш тілде мультфильм жасаған.
13 жастағы Аслан бала кезінен анимациямен айналысуды армандайды. Қатарластарының басын қосқан ауыл баласы кенжелеп қалған саланы дамытқысы келеді. Жас аниматорлар осы жылы жеті қазақ ертегісін мультипликация тілінде сөйлетпек.
"Wi-Fi арқылы осы датчикке кіреміз де, осы бір тетік арқылы жарығын өшіріп, қоса аламыз және мына сыртта тұрған қақпаны осы телефон арқылы басқарып, ашып, жаба аламыз", - дейді жас өнертапқыш Елубай Есімхан.
Ал жас аниматор Аслан Жапсарханның айтуынша, мультфильм жасау оңай шаруа емес.
"Біреу сурет салады, біреуі дауысын келтіреді, монтаждайды. Мультфильм жасау кино түсіруден де қиын. Бір мультфильмге 4-5 айдай кетеді", - дейді ол.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Ақтөбелік оқушылардың өнертабысы халықаралық байқауда жүлдеге ие болды
Жаңалықтар
0