Семей орманындағы өрт: Қарағанды университеті 10 білім грантын бөлді

© Sputnik / Абзал Калиевархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Абай облысында орман өртінен зардап шеккен отбасыларда тәрбиеленіп отырған балаларға 10 білім беру грантын бөлді. Бұл туралы жоғары оқу орнының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.
"Сонымен қатар, Абай облысындағы өрттен қиындыққа тап болған отбасыларға гуманитарлық көмек көрсету үшін ашылған пунктіде Қарағанды Бөкетов университетінің еріктілері азық-түлікті сұрыптап және оны жөнелту үшін Достық үйінде көмек көрсетуде", - делінген хабарламада.
Айта кетері, Абай облысындағы өрт ошақтары оқшауланды. Қазіргі күні өрт сөндірушілер мен әскерилер өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтарда өрт толық сөнгенге дейін жұмыс істейді.
Абай облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Семей өңіріне жер-жерден гуманитарлық көмек келіп жатыр
Жаңалықтар
0