Семей өңіріне жер-жерден гуманитарлық көмек келіп жатыр

© Абай облысының әкімдігіАбай облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек
Абай облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Алапат өртке байланысты Абай облысына гуманитарлық көмек кешегі күні Қарағанды, Павлодар, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан келсе, бүгін 7 жүк көлігі Астанадан да келді.
Облыстардан келген гуманитарлық көмектер Семей қаласындағы "Жоламан" сауда – логистикалық орталығындағы қоймаға түсірілді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
© Абай облысының әкімдігіАбай облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек
Абай облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Абай облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек
"Абай облысындағы соңғы жағдайлардағы апатқа байланысты "Аманат" партиясының Астана қаласындағы филиалы және әкімшілікпен бірігіп арнайы көмек көрсету орыны ашқан болатынбыз. Сол көмек көрсету орынына қаншама еріктілер келіп өз көмегін берді. Бүгін осы Семей қаласына сол гуманитарлық көмекті Қорғалжың жүк көлігі ұйымымен бірігіп алып келдік. Барлық көмек көрсеткен жандарға алғысымызды білдіреміз және Абай облысына осындай қиын жағдайдан тез шығып кетуді тілейміз", - деді Астана қаласы мәслихатының депутаты Мағзұм Арсланбек.
© Абай облысының әкімдігіАбай облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек
Абай облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Абай облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек
Сондай –ақ әр облыстан жіберілген гуманитарлық көмектер Озерка ауылдық округінде, Бородулиха ауылында және "Жоламан" сауда – логистикалық орталығындағы қоймаларда сақталуда. Бұл туралы Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов атап өтті.
© Абай облысының әкімдігіАбай облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек
Абай облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Абай облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек
"Кешеден бері барлық облыстардан Абай облысындағы орман өртіне байланысты гуманитарлық көмектер келіп жатыр. Мұның ішінде сусындар, тамақ дайындауға қажетті өнімдер және жеке бас гигенасына арналған заттар бар. Мұның барлығын біз қоймаларға түсіріп, жеке-жеке санын жазып, өрт аумағындағы штабтарға еріктілер арқылы тізім бойынша жөнелтіп жатырмыз",- деді ол.
Сонымен қатар, Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге жинақ ашылды. Қайырымдылық жинақ жиналған қаражатты арнайы шоттарға аударады. Жинаудан түскен барлық қаражат Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмекке жұмсалады. Қордың реквизиттерін облыс әкімдігі жариялады.
Президент Касым-Жомарт Токаев принял генерального прокурора Берика Асылова - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Абай облысындағы орман өрті
Бас прокурор президентке Абай облысындағы өртті тергеу туралы баяндады
Жаңалықтар
0