Базалық ставка төмендеуі мүмкін

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Ұлттық банк екінші жартыжылдықта базалық ставканы төмендету мүмкіндігін қарастырады. Бұл туралы ведомство басшысы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ұлттық банк екінші жартыжылдықта базалық мөлшерлемені бірқалыпты және байыппен төмендету мүмкіндігін қарастырады", - деді Пірматов сенаттың жалпы отырысында.
Айтуынша, бұл шешім бағалардың нақты өсуінің болжамды бағалауға сәйкес келуіне, жанар-жағармай және тұрғын-үй коммуналдық қызметтері бағасының өсуінен болатын жанама әсерін ескере отырып, базалық инфляцияның тұрақты баяулауына, инфляциялық болжаулар динамикасына, сондай-ақ 2024-2025 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік қағиданы сақтауға байланысты қабылданады.
Қазір базалық мөлшерлеме 16,75%-ті құрайды. Ал мамыр айында жылдық инфляция 15,9%-ке дейін баяулады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2023
Экономика
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
Жаңалықтар
0