https://sputnik.kz/20230526/ulttyq-bank-bazalyq-molsherleme-ozgerissiz-qaldyrdy-35275030.html
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады
2023-05-26T11:19+0500
2023-05-26T11:19+0500
2023-05-26T11:19+0500
экономика
ұлттық банк
базалық мөлшерлеме
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_0:317:3073:2047_1920x0_80_0_0_e97f1aaf6e8acd0bceecd948d66661d1.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.Бұл шешім Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негізінде қабылданған.Қазақстанда проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тұрақты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық болжаулар, сондай-ақ жанар-жағармай бағасының өсуі мен тұрғын-үй коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуі тарапынан сақталуда."Осылайша қазіргі уақытта сыртқы инфляция тарапынан қысымның әлсіреуі есебінен тәуекелдердің жиынтық балансы дезинфляциялық факторлар жағына аздап ығысты. Бұл 2022 жылғы қыркүйектен бастап инфляцияның тұрақты бөлігіндегі көрсеткіштердің баяулауын қоса алғанда, осы жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлеменің біртіндеп және баяу төмендеуіне мүмкіндік тудыруы ықтимал", - деп мәлімдеді Ұлттық банк.Базалық ставка бойынша кезекті жоспарлы шешім 2023 жылғы 5 шілдеде жарияланады.Айта кетері, жылдық инфляция 2023 жылғы сәуірде 16,8%-ке дейін баяулады.Еске салсақ, Қазақстанда соңғы рет базалық ставка былтыр 5 желтоқсанда жылдық 16%-тен 16,75%-ке дейін көтерілген болатын. Ол осымен төртінші рет өзгеріссіз қалып отыр.
https://sputnik.kz/20211021/bazalyq-stavka-ony-bankter-kredit-18471747.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_144:0:2873:2047_1920x0_80_0_0_b3b7231ea89e0d4192fb4352fc0ff4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
базалық ставка ұлттық банк базалық мөлшерлеме инфляция
базалық ставка ұлттық банк базалық мөлшерлеме инфляция
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.
Бұл шешім Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негізінде қабылданған.
"Сыртқы ортаның проинфляциялық қысымы бәсеңдеп келеді. Әлемдегі инфляция, атап айтқанда, сауда-серіктес елдердегі инфляция қуат көзі мен азық-түліктің әлемдік бағасы төмендегендіктен, баяулай бастағанын көрсетіп отыр. Тұрақты нақты айырбастау бағамы аясында сыртқы бағалардың мейілінше баяу өсуі елдегі инфляцияның бәсеңдеуіне қолайлы жағдай жасап отыр", - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Қазақстанда проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тұрақты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық болжаулар, сондай-ақ жанар-жағармай бағасының өсуі мен тұрғын-үй коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуі тарапынан сақталуда.
"Осылайша қазіргі уақытта сыртқы инфляция тарапынан қысымның әлсіреуі есебінен тәуекелдердің жиынтық балансы дезинфляциялық факторлар жағына аздап ығысты. Бұл 2022 жылғы қыркүйектен бастап инфляцияның тұрақты бөлігіндегі көрсеткіштердің баяулауын қоса алғанда, осы жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлеменің біртіндеп және баяу төмендеуіне мүмкіндік тудыруы ықтимал", - деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Базалық ставка бойынша кезекті жоспарлы шешім 2023 жылғы 5 шілдеде жарияланады.
Айта кетері, жылдық инфляция 2023 жылғы сәуірде 16,8%-ке дейін баяулады.
Еске салсақ, Қазақстанда соңғы рет базалық ставка былтыр 5 желтоқсанда жылдық 16%-тен 16,75%-ке дейін көтерілген болатын. Ол осымен төртінші рет өзгеріссіз қалып отыр.