Алматы әуежайында өрт болмаған – азаматтық авиация комитеті

© Photo : РСК АлматыАэропорт Алматы
Аэропорт Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 маусым - Sputnik. Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Оның аумағында ешқандай өрт болып жатқан жоқ, деп мәлімдеді азаматтық авиация комитеті.
Алматы халықаралық әуежайының ұшу алаңында түтін байқалған еді. Әлеуметтік желілерде Air Astana әуе лайнерлерінің бірінің бортында өрт шыққан деген болжам тарады.
"Бұқаралық ақпарат құралдарында Air Astana әуе компаниясының ұшағына қатысты ақпаратқа байланысты Алматы әуежайында ешқандай өрттің болмағанын хабарлаймыз", - деп атап өтті ведомстводағылар.
Комитеттің баспасөз қызметі атап өткендей, Алматы халықаралық әуежайында регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде қосалқы күш қондырғысының жұмысынан түтін шыққан.
Сондай-ақ Air Astana әуе компаниясы да аталған жағдайға байланысты түсініктеме берді.
"Бүгінгі КС 853 Алматы-Астана рейсіне ұшақты техникалық дайындау кезінде қосалқы күштік қондырғының ыстық бөлігіне май буларының түсуінен Airbus 321 әуе кемесінен түтін шыққан", - деп хабарлады компания.
Әуе компаниясының хабарламасында айтылғандай, ұшақ кесте бойынша ұштқан.
Аэропорт Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
"Астана әуежайында бомба бар": әзілқойға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
0