"Астана әуежайында бомба бар": әзілқойға қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАэропорт Астаны
Аэропорт Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 маусым - Sputnik. Астана әуежайында рейске тіркелу кезінде багажында бомба бар деп әзілдеген жолаушы жауапқа тартылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астана әуежайының баспаөз қызметі оқиға өткен аптада болғанын нақтылады.

"Астана-Алматы" рейсіне тіркеу кезінде қазақстандық азамат өзінде бомба бар екенін айтқан", - делінген хабарламада.

Әзілқой жолаушының бұл қалжыңын әуе қауіпсіздігі қызметі шын деп қабылдап, дабыл қаққан.
Әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері полицейлермен бірлесіп, күдікті заттың бар-жоғын анықтау үшін әуе айлағының аумағын тексеріп шығуға мәжбүр болған.
"Бомба" туралы қалжыңдаған әзілқойға қатысты Қазақстанның қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама" ) қылмыстық іс қозғалды",-деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0