https://sputnik.kz/20230614/23-mausym-qazaqstan-politsiyasy-kuni-36023255.html
23 маусым – Қазақстан полициясы күні
23 маусым – Қазақстан полициясы күні
Sputnik Қазақстан
Жыл сайын 23 маусымда елімізде Қазақстан полициясы күні аталып өтеді.
2023-06-14T20:55+0500
2023-06-14T20:55+0500
2023-06-16T14:55+0500
қоғам
маусым
полиция күні
https://sputnik.kz/img/1168/07/11680723_0:50:3465:1999_1920x0_80_0_0_1bce76450b6fbb9079dea0b086996722.jpg
Жыл сайын 23 маусымда елімізде Қазақстан полициясы күні аталып өтеді. Бұл дата кәсіби мереке болғандықтан, қазақстандықтар демалмайды. Толығырақ Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.1992 жылы 23 маусымда елдің Жоғарғы кеңесі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" заң қабылдады. Бұл Тәуелсіз Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды.Ал 2007 жылы 5 маусымда сол кездегі президенттің жарлығымен 23 маусым ресми түрде Полиция күні деп бекітілді. Осылайша биыл ел халқы Қазақстан полициясының 31 жылдығын атап өтеді.Заңның орындалуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау – жауапкершілігі мол жұмыс. 23 маусым күні тәртіп сақшыларына құрмет көрсетіліп, табысты жұмысымен көзге түскендер марапатталады. Мемлекет басшысы саланың үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырады.Қазақстан полициясы күні – жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болған ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүрген полицейлерге алғыс білдіру күні. Сондай-ақ бұл күн бейбіт заманда халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні саналады.Полиция қызметі – жауапкершілігі мол әрі адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіпті мамандық. Тәуелсіздік жылдары елімізде қызмет бабында 815 қызметкер қаза тапқан, 4,5 мыңнан астамы жарақат алған.Сол себепті мемлекет тәртіп сақшыларын қолдауға әрдайым ерекше көңіл бөледі. Соңғы жылдары полицейлердің жалақысы бірнеше рет өсті. Сондай-ақ баспананы жалға алу құнына өтемақы төлеу тетігі енгізілді. Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын қызметтерге 30 пайыз үстемақы белгілеу құқығы берілді. Президенттің тапсырмасымен 2022 жылғы 1 қазаннан бастап жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілді.Бұдан бөлек, Қазақстан полициясында ауқымды реформалар басталды, біртіндеп сервистік модельге көшіп жатыр. Полицейлердің жұмысы ашық болуы үшін ішкі істер саласын толығымен цифрландыру жұмысы қарқын алды.Тәртіп сақшыларының жұмыс формасы да өзгерді. Жаңа форма барынша ыңғайлы, оны дайындау барысында əртүрлі климаттық жағдай ескерілген. Учаскелік полиция инспекторлары үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді. Енді халық оларды бірден тани алады. Жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілерінің бәрінде "POLISIA" жарық шағылыстырғыш жазуы бар. Сондай-ақ полиция қызметкерлері кроссовка киеді. Ал металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның ұстанымын өзгертіп, жұмыстың жаңа үлгісіне көшуді басты міндет ретінде атаған болатын. Оның пікірінше, халқымыздың бейбіт өмір сүріп, өз елінің болашағына сеніммен қарауы полицейлердің адал қызметіне байланысты.
https://sputnik.kz/20220301/tarbie-politsey-ana-23194070.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1168/07/11680723_367:0:3098:2048_1920x0_80_0_0_1d63204307c6b7546b747a484ab2268d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан полициясы күні 23 маусым құттықтау сценарий форма жалақы кәсіби мереке день полиции
қазақстан полициясы күні 23 маусым құттықтау сценарий форма жалақы кәсіби мереке день полиции
23 маусым – Қазақстан полициясы күні
20:55 14.06.2023 (жаңартылды: 14:55 16.06.2023) Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 31 жыл толып отыр
Жыл сайын 23 маусымда елімізде Қазақстан полициясы күні аталып өтеді. Бұл дата кәсіби мереке болғандықтан, қазақстандықтар демалмайды. Толығырақ
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
1992 жылы 23 маусымда елдің Жоғарғы кеңесі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" заң қабылдады. Бұл Тәуелсіз Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды.
Ал 2007 жылы 5 маусымда сол кездегі президенттің жарлығымен 23 маусым ресми түрде Полиция күні деп бекітілді. Осылайша биыл ел халқы Қазақстан полициясының 31 жылдығын атап өтеді.
Заңның орындалуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау – жауапкершілігі мол жұмыс. 23 маусым күні тәртіп сақшыларына құрмет көрсетіліп, табысты жұмысымен көзге түскендер марапатталады. Мемлекет басшысы саланың үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырады.
Қазақстан полициясы күні – жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болған ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүрген полицейлерге алғыс білдіру күні. Сондай-ақ бұл күн бейбіт заманда халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні саналады.
Полиция қызметі – жауапкершілігі мол әрі адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіпті мамандық. Тәуелсіздік жылдары елімізде қызмет бабында 815 қызметкер қаза тапқан, 4,5 мыңнан астамы жарақат алған.
Сол себепті мемлекет тәртіп сақшыларын қолдауға әрдайым ерекше көңіл бөледі. Соңғы жылдары полицейлердің жалақысы бірнеше рет өсті. Сондай-ақ баспананы жалға алу құнына өтемақы төлеу тетігі енгізілді. Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын қызметтерге 30 пайыз үстемақы белгілеу құқығы берілді. Президенттің тапсырмасымен 2022 жылғы 1 қазаннан бастап жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілді.
Бұдан бөлек, Қазақстан полициясында ауқымды реформалар басталды, біртіндеп сервистік модельге көшіп жатыр. Полицейлердің жұмысы ашық болуы үшін ішкі істер саласын толығымен цифрландыру жұмысы қарқын алды.
Тәртіп сақшыларының жұмыс формасы да өзгерді. Жаңа форма барынша ыңғайлы, оны дайындау барысында əртүрлі климаттық жағдай ескерілген. Учаскелік полиция инспекторлары үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді. Енді халық оларды бірден тани алады. Жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілерінің бәрінде "POLISIA" жарық шағылыстырғыш жазуы бар. Сондай-ақ полиция қызметкерлері кроссовка киеді. Ал металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның ұстанымын өзгертіп, жұмыстың жаңа үлгісіне көшуді басты міндет ретінде атаған болатын. Оның пікірінше, халқымыздың бейбіт өмір сүріп, өз елінің болашағына сеніммен қарауы полицейлердің адал қызметіне байланысты.