Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

"Бізді осылай тәрбиеледің ғой": полицейдің анасы ұлының соңғы сөзін еске алды

 Алматыдағы тәртіпсіздік, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Жазылу
Ұлым соңғы демі қалғанша антына берік болды, дейді көзіне жас алған Бекзада Әлімбаева
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болған полицей Ринат Қамбетовтың анасы ұлының соңғы сөздерін еске алды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Ең соңына дейін телефонмен сөйлесіп отырдым ғой… "Мама, сен бізді осылай тәрбиеледің ғой" деген сөздері құлағымнан кетпейді. Ұлым соңғы демі қалғанша антына берік болды", – деді көзіне жас алған Бекзада Әлімбаева.
Ринат Қамбетов 1988 жылдың 2 тамызында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2010 жылдан бастап қызмет атқарған.
© Photo : Сайт Polisia.kzРинат Кабметов
Ринат Кабметов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Ринат Кабметов
5 қаңтар күні бір топ адам Алмалы аудандық полиция бөлімін басып алмақ болып, шабуыл жасаған. Ринат әріптесі Ален Асылхановпен полиция ғимаратында сақталған қару-жарақты қорғау кезінде қаза тапты.
"Мектеп бітіргеннен кейін полицияға орналасып, жұмыс істеу арманы болды. Он жылдан артық Алматы қаласының полициясында жұмыс істеді. Баламыз жаман болған жоқ. Елге сыйлы болды. Жақсы қызметкер, ата-анаға қамқоршы жақсы ұл болды. Туыстарымыз да оны жақсы көруші еді. Қызмет барысында қайтты енді… Бір Алланың ісі ғой”, – деді полицейдің әкесі Талғат Қамбетов.
Ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерінің артында жұбайы мен екі ұлы қалды.
Жаңалықтар
0