Последствия лесных пожаров в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Абай облысындағы орман өрті

Орман өрті Семейге қарай шарпып барады, бірақ қауіп жоқ – ТЖМ

© Photo : Пресс-служба министерства экологии и природных ресурсов КазахстанаСпециальная техника на месте пожара в Абайской области
Специальная техника на месте пожара в Абайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Пилотсыз ұшу аппаратымен жасалған аэровизуалды барлау бойынша өрт Қаштақ орманшылығынан Семей қаласына қарай бағыт алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Абай облысында өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Министрліктің мәліметіне сәйкес, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
"Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігі, орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдары мен қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық техника жұмылдырылған", - делінген ресми хабарламада.
Мамандар пилотсыз ұшу аппаратын жіберіп, аэровизуалды барлау жасады. Оған сәйкес, өрт Қаштақ орманшылығынан Семей қаласына қарай бағыт алып, жоғары қарай өрбігені байқалады.
"Жедел іс-қимылдар мен уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрттің елді мекендерге таралуына жол берілген жоқ", - дейді құтқарушылар.
Өткен бір тәуліктің ішінде тікұшақтар әуеден 546 рет су төкті. Жалпы көлемі 1 500 тоннадан асады.
Қазгидрометтің болжамы бойынша 14 маусым күні қысқа мерзімді жаңбыр (жаңбырдың ықтималдығы 60%), найзағай, дауыл, солтүстік-шығыс жел секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метрге дейін болады.
Павлодар облысында орманға кіруге тыйым салынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Өңірлер
Павлодар облысында орманға кіруге тыйым салынды
Жаңалықтар
0