Өңірлер

Павлодар облысында орманға кіруге тыйым салынды

© Photo : 24.kzПавлодар облысында орманға кіруге тыйым салынды
Павлодар облысында орманға кіруге тыйым салынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Павлодар облысында орманға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Хабар 24.
"Ертіс орманы" резерваты Абай облысымен шектеседі. Қазіргі кезде аймақта аптап ыстыққа байланысты өрт қаупінің ең жоғарғы 5-ші деңгейі жарияланды. Осыған байланысты орман алқабына техникамен де, жаяу да кіруге тыйым салынды.
Биыл Павлодар өңірінде 44 орман өрті тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметіне сәйкес, өрт 250 гектардан астам алқапты шарпыды. Мемлекетке келген шығын көлемі 33 миллион теңгеден асады.
Ал орман қызметкерлерінің материалдық-техникалық жағдайы сын көтермейді. Кейбіреулері өрт сөндіру техникаларымен тек 60 пайыз қамтылған.
"Қазіргі кезде "Ертіс орманы" резерватында 9 қосымша өртке қарсы бекеттер ұйымдастырылған. Осы жоғарғы қауіпті кезеңде орманға демалушылардың кіруін шектеу жөнінде, сонымен қатар ормандағы орман шаруашылығына қатысы жоқ жұмыстарды тоқтатуға тиісті шешімдер қабылданған", - дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасының басшысы. Руслан Төлепбаев.
Абай облысындағы орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Өңірлер
Абай облысында орман өрті әлі сөнген жоқ
Жаңалықтар
0