https://sputnik.kz/20230613/abay-oblysynda-eki-ormanshy-ys-tiip-ulandy-35889917.html
Абай облысында екі орманшы ыс тиіп уланды
Абай облысында екі орманшы ыс тиіп уланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Абай облысында екі орманшы ыс тиіп уланған. Қазір олардың жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев... 13.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-13T09:39+0500
2023-06-13T09:39+0500
2023-06-13T09:38+0500
оқиға
абай облысы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0c/35873854_128:0:1152:576_1920x0_80_0_0_44038402acf53b341febe89b4dbf22a2.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Абай облысында екі орманшы ыс тиіп уланған. Қазір олардың жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әкімнің айтуынша, жоғалған тракторшы С. Архиповты іздеу жалғасуда.13 маусымдағы жағдай бойынша өрттің жалпы ауданы шамамен 60 мың гектарды құрайды, оның 43 мың гектары – белсенді термо нүктелер."Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру екі бағытта жалғасуда", - деді ол.Қазіргі уақытта Бұлақ, Талица, Половинки елді мекендерінің тұрғындары эвакуацияланды. Көшіру орындарында полицейлер кезекшілік атқарып жүр.Өрт сөндіруге тартылған және эвакуацияланған азаматтар үшін азық-түлік жеткізіліп жатыр."Президенттің тапсырмасымен Успенский орманшылығының қаза тапқан 14 жұмысшысының отбасына көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда әрбір отбасына бюджет және бюджеттен тыс қаражат аясында қажетті көмектің дербес карталары жасалды. Сонымен қатар, зардап шеккендерге көмек көрсету және өрт салдарын жою үшін арнайы "Ақ Ертіс" қайырымдылық қорында шот ашылды", - деді Ұранхаев.Облыс әкімінің айтуынша, барлық мемлекеттік төлем уақытылы және толық көлемде көрсетіледі.
https://sputnik.kz/20230613/orman-orti-semeyge-qaray-sharpyp-barady-biraq-qauip-zhoq--tzhm-35888331.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0c/35873854_256:0:1024:576_1920x0_80_0_0_b7d22e400a19e356eb01566b57a76b2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, өрт
Абай облысында екі орманшы ыс тиіп уланды
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Абай облысында екі орманшы ыс тиіп уланған. Қазір олардың жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазіргі уақытта өрт салдарынан 3 үй, 2 техника өртенді. Ыс тиіп уланған орманшылықтың 2 қызметкерінің жағдайы жақсарып келеді", - деді Нұрлан Ұранхаев үкімет отырысында.
Әкімнің айтуынша, жоғалған тракторшы С. Архиповты іздеу жалғасуда.
13 маусымдағы жағдай бойынша өрттің жалпы ауданы шамамен 60 мың гектарды құрайды, оның 43 мың гектары – белсенді термо нүктелер.
"Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру екі бағытта жалғасуда", - деді ол.
Қазіргі уақытта Бұлақ, Талица, Половинки елді мекендерінің тұрғындары эвакуацияланды. Көшіру орындарында полицейлер кезекшілік атқарып жүр.
Өрт сөндіруге тартылған және эвакуацияланған азаматтар үшін азық-түлік жеткізіліп жатыр.
"Президенттің тапсырмасымен Успенский орманшылығының қаза тапқан 14 жұмысшысының отбасына көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда әрбір отбасына бюджет және бюджеттен тыс қаражат аясында қажетті көмектің дербес карталары жасалды. Сонымен қатар, зардап шеккендерге көмек көрсету және өрт салдарын жою үшін арнайы "Ақ Ертіс" қайырымдылық қорында шот ашылды", - деді Ұранхаев.
Облыс әкімінің айтуынша, барлық мемлекеттік төлем уақытылы және толық көлемде көрсетіледі.