https://sputnik.kz/20230612/altyn-orda-bazarynda-mobildi-top-kezekshilikke-kiristi-35875413.html
"Алтын Орда" базарында мобильді топ кезекшілікке кірісті
"Алтын Орда" базарында мобильді топ кезекшілікке кірісті
Sputnik Қазақстан
Алтын Орда базарында мобильді топ кезекшілікке кірісті
2023-06-12T15:28+0500
2023-06-12T15:28+0500
2023-06-12T15:34+0500
өңірлер
базар
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/04/18572611_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_6265a7a72128aecd3ae95c61ebbbd892.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. "Алтын Орда" базарында мобильді топ тәулік бойы кезекшілікке атқарады, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.Мобильді топтың құрамына бірнеше министрлік пен агенттіктің өкілдері кіреді. Соның ішінде қаржылық мониторинг агенттігі, бәсекелестікті қорғау агенттігі, мемлекеттік кірістер комитеті, ішкі істер министрлігі, денсаулық министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігі мен ауыл шаруашылығы министрлігі бар. "Топ базарда тәулік бойы кезекшілікті атқаруға кірісті. Ал көкөніс өнімдерін базарға келушілерге тікелей өткізу мүмкіндігі үшін шаруалардың жүк көліктеріне тегін 100 орын белгіленді. Сату орындары жеңіл шатырмен жабдықталған, тұрақты мониторинг үшін камералар орнатылды. Бұл фермерлерге ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз, бірден тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Базарда сауда жүргізу үшін шаруалар ауыл әкімдігінің анықтамасын ұсынуы қажет", - делінген ресми хабарламада. Бұдан бөлек, сатушылар, жеткізушілер, жүргізушілер мен базарға баратын азаматтардың өтініштерін қабылдауға арналған "Алтын Орда Open" жеделхат-чаты және бірыңғай call-орталығы (8 7273 195 160, 8 747 059 7054) құрылды. Алматы облысының әкімдігі мобильді топтың жұмысын күнделікті бақылауда ұстауға міндетті. Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, жүк көліктеріне арналған 100 орын жазғы маусымға қажетті әрі оңтайлы шара болады. "Алтын Орда" аумағында стационарлық сауда нысандарына да орын бөлінуі керек. "Бұл тек осы базарға ғана қатысты емес, барлық әкімдікке өз өңіріндегі базарлар мен ірі сауда нысандары бойынша осындай жұмыс жүргізуді тапсырамын", - деді Жұманғарин арнайы кеңесте.
https://sputnik.kz/20230603/altyn-orda-direktorynyn-orynbasary-ustaldy-politsiya-tusinikteme-berdi-35596205.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/04/18572611_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_b7670e922fe9a7729311ee70fcf7d938.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтын орда базар рынок серік жұманғарин серик жумангарин сауда интеграция министрлігі министерство торговли и интеграции
алтын орда базар рынок серік жұманғарин серик жумангарин сауда интеграция министрлігі министерство торговли и интеграции
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. "Алтын Орда" базарында мобильді топ тәулік бойы кезекшілікке атқарады, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.
Мобильді топтың құрамына бірнеше министрлік пен агенттіктің өкілдері кіреді. Соның ішінде қаржылық мониторинг агенттігі, бәсекелестікті қорғау агенттігі, мемлекеттік кірістер комитеті, ішкі істер министрлігі, денсаулық министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігі мен ауыл шаруашылығы министрлігі бар.
"Топ базарда тәулік бойы кезекшілікті атқаруға кірісті. Ал көкөніс өнімдерін базарға келушілерге тікелей өткізу мүмкіндігі үшін шаруалардың жүк көліктеріне тегін 100 орын белгіленді. Сату орындары жеңіл шатырмен жабдықталған, тұрақты мониторинг үшін камералар орнатылды. Бұл фермерлерге ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз, бірден тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Базарда сауда жүргізу үшін шаруалар ауыл әкімдігінің анықтамасын ұсынуы қажет", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, сатушылар, жеткізушілер, жүргізушілер мен базарға баратын азаматтардың өтініштерін қабылдауға арналған "Алтын Орда Open" жеделхат-чаты және бірыңғай call-орталығы (8 7273 195 160, 8 747 059 7054) құрылды.
Алматы облысының әкімдігі мобильді топтың жұмысын күнделікті бақылауда ұстауға міндетті.
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, жүк көліктеріне арналған 100 орын жазғы маусымға қажетті әрі оңтайлы шара болады. "Алтын Орда" аумағында стационарлық сауда нысандарына да орын бөлінуі керек.
"Бұл тек осы базарға ғана қатысты емес, барлық әкімдікке өз өңіріндегі базарлар мен ірі сауда нысандары бойынша осындай жұмыс жүргізуді тапсырамын", - деді Жұманғарин арнайы кеңесте.