Өңірлер

Алматы-Екатеринбург тасжолында екі адам қаза болды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Алматы-Екатеринбург тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайғылы оқиға бүгін, 12 маусым сағат 10:50 шамасында болды.
"Алматы-Екатеринбург тасжолында Теміртау қаласына қарай бағыт алған Audi жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, маневр жасау кезінде жол қауіпсіздігіне назар аудармай, алдында келе жатқан ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысқан. Кейінгісі соқтығыс салдарынан жол жиегіндегі қоршауға соғылды", - делінген хабарламада.
Жол апатынан ВАЗ-дың 24 жастағы жүргізушісі мен Audi-де отырған 56 жастағы әйел (жүргізушінің жұбайы) оқиға орнында қаза болды.
Ал Audi көлігінің 57 жастағы жүргізушісі мен оның 9 жасар немересі, сондай-ақ ВАЗ-2114 автокөлігінде болған 23 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Бұл факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар жасалып, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Оқиға
Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Жаңалықтар
0