Оқиға

Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Алматы – Өскемен республикалық тасжолында қайғылы апат болды, деп хабарлайды Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 10 маусым күні сағат 16:00 шамасында болған.
Көксу ауданы маңында "Тойота камри" мен "Тойота Ленд Крузер Прадо" жол талғамайтын көлігі соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша көліктердің бірінің доңғалағы жарылған.
"Салдарынан жол талғамайтын көліктегі үш жолаушы әйел оқиға орнында қаза болды", - деді полициядағылар.
Полиция жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2023
Ақтөбеде бес айда 30-дан астам адам жол апатынан қайтыс болды
Жаңалықтар
0