https://sputnik.kz/20230601/aqtobede-bes-ayda-30-dan-astam-adam-zhol-apatynan-qaytys-boldy-35547277.html
Ақтөбеде бес айда 30-дан астам адам жол апатынан қайтыс болды
Ақтөбеде бес айда 30-дан астам адам жол апатынан қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында биыл 90-нан астам жол апаты болды, деп хабарлады облыстық прокуратура. 01.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-01T21:17+0500
2023-06-01T21:17+0500
2023-08-10T11:59+0500
ақтөбе облысы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_f1efef2a6eeada7fed0c383055573e97.jpg
АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында биыл 90-нан астам жол апаты болды, деп хабарлады облыстық прокуратура.Жол апаты әсіресе Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, Байғанин, Қобда және Шалқар аудандарында көбейген. Бес айда барлығы 92 қылмыстық іс тіркелген, оның жартысынан көбі Ақтөбе қаласының аумағына тиесілі.Прокуратураның айтуынша, жол апатының 63% жаяу жүргіншілерге қатысты болған."Жол апаттарының негізгі себебі – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, қарсы қозғалыс жолағына шығып кету, сондай-ақ жолдардың қауіпті учаскелерінде жол-патрульдік полиция экипаждарының болмауы. Бұдан басқа, облыс бойынша 1.5 мың жол белгісі, 1 мыңнан астам бейнебақылау камерасы, оның ішінде заң бұзушылықтарды тіркеу жүйелері, 56 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі, 13 көше мен жолдарда сыртқы жарықтандыруды толық қамтымау, 15 мектептің жанында 30 бағдаршам мен қоршау жетіспейді", - дейді облыс прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.Салдарынан бес айда 200-ден аса адам түрлі жарақат алып, 32 адам қайтыс болған."Әсіресе жол апатынан көз жұмған бүлдіршіндер саны екі есе артқан. Кішкентай балалар зардап шеккен жол апаттарының барлық жағдайында автокөлік құралдары арнайы балалар креслоларымен жабдықталмаған", - дейді Өркен Ещанов.Бұл проблема Ақтөбе облысының үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды. Барлық уәкілетті органға бірқатар нақты тапсырма беріліп, олардың орындалуы ерекше бақылауға алынды, дейді прокуратура.
https://sputnik.kz/20230522/batys-qazaqstanda-dzyudo-bapkeri-balasymen-birge-zhol-apatynan-qaza-boldy-35123855.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_fc0946f4fea20485ab867b90afa87ef2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, жол апаты
АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында биыл 90-нан астам жол апаты болды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Жол апаты әсіресе Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, Байғанин, Қобда және Шалқар аудандарында көбейген. Бес айда барлығы 92 қылмыстық іс тіркелген, оның жартысынан көбі Ақтөбе қаласының аумағына тиесілі.
Прокуратураның айтуынша, жол апатының 63% жаяу жүргіншілерге қатысты болған.
"Жол апаттарының негізгі себебі – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, қарсы қозғалыс жолағына шығып кету, сондай-ақ жолдардың қауіпті учаскелерінде жол-патрульдік полиция экипаждарының болмауы. Бұдан басқа, облыс бойынша 1.5 мың жол белгісі, 1 мыңнан астам бейнебақылау камерасы, оның ішінде заң бұзушылықтарды тіркеу жүйелері, 56 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі, 13 көше мен жолдарда сыртқы жарықтандыруды толық қамтымау, 15 мектептің жанында 30 бағдаршам мен қоршау жетіспейді", - дейді облыс прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.
Салдарынан бес айда 200-ден аса адам түрлі жарақат алып, 32 адам қайтыс болған.
"Әсіресе жол апатынан көз жұмған бүлдіршіндер саны екі есе артқан. Кішкентай балалар зардап шеккен жол апаттарының барлық жағдайында автокөлік құралдары арнайы балалар креслоларымен жабдықталмаған", - дейді Өркен Ещанов.
Бұл проблема Ақтөбе облысының үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды. Барлық уәкілетті органға бірқатар нақты тапсырма беріліп, олардың орындалуы ерекше бақылауға алынды, дейді прокуратура.