АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында үш адам жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, 20 мамырда түнгі сағат 23:05-дің шамасында "Changan" маркалы кроссовердің 46-жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, тіркемесі бар "Volvo" жүк көлігіне соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің жүргізушісі, салонда болған оның 12 жастағы баласы және 46 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.Облыстық спорт басқармасы қаза тапқан жүргізушінің Оралдағы олимпиадалық резерв бойынша спорт мектебінде дзюдо бапкері болып жұмыс істегенін растады.
Ресми мәліметке сәйкес, 20 мамырда түнгі сағат 23:05-дің шамасында "Changan" маркалы кроссовердің 46-жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, тіркемесі бар "Volvo" жүк көлігіне соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің жүргізушісі, салонда болған оның 12 жастағы баласы және 46 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.