Абай облысында әдейі өрт қойды деген болжам тексеріледі

Өрт сөндіру - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Құзырлы органдар Абай облысында әдейі өрт қойылуы мүмкін деген болжамды зерделеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде Жерновка ауылынан келе жатқан көлік жүргізушісі түсірген видео тарады. Арғы жағында орман өртінің түтіні, ал жолдың жиегінде от іздері анық көрініп тұр.
"Бізге орман өрті найзағайдан болды дейді. Бірақ бірнеше жерде от жағылғанын анық көруге болады. Бұтақтарды да әдейі жинап қойған. Барлығы сөніп қалған. Найзағай олай бір жерге соқпайды ғой. Біреу әдейі от қойған сияқты. Мына жердегісі ары қарай кетпеген, бірақ басқа жерде лаулап кете берген тәрізді. Содан орман өрті шықты", - дейді видео авторы.
Абай облысының әкімдігі видеоға қатысты түсіктеме берді.
"Видео авторы найзағай емес, әдейі өрт қойды деген болжам жасап отыр. Алайда видеодағы өрт іздерінен оның ары қарай орманға таралмағаны көрініп тұр. Қазіргі кезде құзіретті органдар бұл мәселені жан-жақты зерделеп жатыр. Тергеу кезінде өрт қоюы мүмкін адамды анықтау шаралары да жүргізіледі. Өрттің себебі сол болды ма, жоқ па, оны да анықтайды", - делінген ресми хабарламада.
Өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Абай облысында өрт сөндіру көлігі жанып кетті
Жаңалықтар
0