Видео

Канадада бұрын-соңды болмаған орман өрті өршіп тұр – видео

Жазылу
Канадада тарихта болмаған орман өрті тыйылмай тұр. Тілсіз жаудың салдарынан тіпті Нью-Йорк пен Вашингтонды қою түтін басқан. Әуеден түсірілген қорқынышты кадрларды назарларыңызға ұсынамыз
Маусымның басында тілсіз жау 8,1 миллион акр аумақты, оның ішінде 5,5 миллион акр орманды алқапты жалмады. Жағдайды ыстық, құрғақ ауа райы одан әрі қиындатып тұр.
Әзірге елде ТЖ қанша уақытқа созылатынын болжау мүмкін емес. Табиғи ресурстар министрі Джонатан Уилкинсон мұндай өрт Канада тарихында бұрын-соңды болмағанын мәлімдеді.
Айта кетері, Қазақстан аумағында Абай облысында да орман өрті өршіп тұр. Соңғы деректер бойынша жалын 60 мың гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 800-ге жуық адам, 190 техника және 8 тікұшақ тартылды.
Абай облысындағы орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2023
Өңірлер
Өрт алты елді мекенге қарай тарап жатыр: Смайылов тапсырма берді
Жаңалықтар
0