Өңірлер

Өрт алты елді мекенге қарай тарап жатыр: Смайылов тапсырма берді

© Photo : ҚР ТЖМ баспасөз қызметіАбай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2023
Жазылу
Өрттің жалпы ауданы 60 мың гектардан асты
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою шаралары талқыланды.
Премьер-министр баспасөз қызметінің ақпаратынша, қазіргі кезде өрттің жалпы ауданы 60 мың гектардан асады. Оны сөндіруге ТЖМ, қорғаныс министрлігі, ІІМ, ЭТРМ және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары – 800-ге жуық адам, 190 техника және 8 тікұшақ тартылды.
ТЖМ деректеріне сай, өрт Талица, Каштак, Барышевка, Успенка, Поднебесное және Камышенка елді мекендеріне қарай үш бағытта таралуда. Төтенше жағдай ауданын қалың түтін басқанымен, жоғары бетінде лапылдап жанып жатқан жоқ, оған ауа райы жақсы әсер етті – түнде және таңертең сіркіреп жаңбыр жауды.
Авиациялық техника белсенді жұмыс істеп жатыр. Оған қоса ТЖ орнына қосымша күштер мен құралдар тартылуда. Қатты өртеніп жатқан учаскелерде техника үздіксіз жұмыс істеуі үшін су жеткізіліп отырады. Азаматтар үшін уақытша орналастыру орындары жабдықталған.
"Елді мекендерге төнген қауіп сейілді. Жұмыс – бақылауда", - делінген хабарламада.
Премьер-министр ірі табиғи өртті жою және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық және адами ресурстардың барлығы жұмылдырылғанын атап өтті. Сондай-ақ Смайылов қосымша техника мен қызметкерлердің өрт сөндіру орындарына жедел жетуін қамтамасыз етуді талап етті.
Сонымен қатар премьер-министр:
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесін пысықтауды;
денсаулық сақтау министрлігіне қажет болған жағдайда азаматтарға уақытылы медициналық көмек көрсету мәселесін бақылауда ұстауды;
ішкі істер министрлігіне қоғамдық тәртіпті сақтауды және тұрғындар мүлкін қарауды тапсырды.
Семей орманындағы өртті сөндіру жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2023
Өңірлер
Аптап ыстық пен жел Семей орманындағы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып тұр
Жаңалықтар
0