https://sputnik.kz/20230610/aqtobe-akimdigi-ayaq-kiim-200-gubka-35823322.html
Ақтөбе әкімдігі аяқ киімге арналған 200 "губканы" не үшін сатып алғанын түсіндірді
Ақтөбе әкімдігі аяқ киімге арналған 200 "губканы" не үшін сатып алғанын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Шенеуніктердің сөзінше, ол сүрткіштерді қонақ келген кезде әкімдікке тиесілі көліктерге салып қояды екен
2023-06-10T13:16+0500
2023-06-10T13:16+0500
2023-08-09T12:47+0500
өңірлер
ақтөбе облысы
спортшы
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_0:51:1416:848_1920x0_80_0_0_970e00d2eae4954f8070744130aa550a.jpg
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімдігі 200 дана аяқ киім сүрткіш сатып алған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.Қоғамда талқыға түскен аяқ киім сүрткіштерді әкімдік бекер сатып алмаған көрінеді. Мұның бәрі тек сырттан келген қонақтар үшін деп түсіндіреді олар."Губкалар" үкіметтік және шетелдік делегация мүшелері үшін сатып алынған. Шенеуніктердің сөзінше, ол сүрткіштерді қонақ келген кезде әкімдікке тиесілі көліктерге салып қояды екен. Қонақтың аяқ киімін шаң басса, бюджет ақшасына алынған сүрткішпен тазалайды.Аяқ киім сүрткіштерін сатып алуға 99 мың теңге жұмсалған."Бұл жақта ауа райы қолайсыз. 200 аяқ киім сүрткіш шамамен екі жылға жетеді. Қателеспесем, бір губка 458 теңге тұрады", - дейді Ақтөбе облысы әкімдігі іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин.Бұған дейін ақтөбеліктерді шенеуніктердің тағы бір әрекеті таңғалдырған болатын. Олар 50 дана қолшатыр сатып алған. Бұл да аса қажет зат көрінеді, өйткені ресми іс-шаралар кезінде жоғары лауазымды тұлғалар күн мен жаңбырдан паналайды.
https://sputnik.kz/20230609/aqtobe-oblysy-mamandandyrylgan-kuzet-qyzmeti-35787992.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_109:0:1308:899_1920x0_80_0_0_e6f598ca61791bf395a64d1fb134051e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы әкімдік аяқ киім сүрткіш обувь губка
ақтөбе облысы әкімдік аяқ киім сүрткіш обувь губка
Ақтөбе әкімдігі аяқ киімге арналған 200 "губканы" не үшін сатып алғанын түсіндірді
13:16 10.06.2023 (жаңартылды: 12:47 09.08.2023) АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімдігі 200 дана аяқ киім сүрткіш сатып алған, деп хабарлайды
КТК телеарнасы.
Қоғамда талқыға түскен аяқ киім сүрткіштерді әкімдік бекер сатып алмаған көрінеді. Мұның бәрі тек сырттан келген қонақтар үшін деп түсіндіреді олар.
"Губкалар" үкіметтік және шетелдік делегация мүшелері үшін сатып алынған. Шенеуніктердің сөзінше, ол сүрткіштерді қонақ келген кезде әкімдікке тиесілі көліктерге салып қояды екен. Қонақтың аяқ киімін шаң басса, бюджет ақшасына алынған сүрткішпен тазалайды.
Аяқ киім сүрткіштерін сатып алуға 99 мың теңге жұмсалған.
"Бұл жақта ауа райы қолайсыз. 200 аяқ киім сүрткіш шамамен екі жылға жетеді. Қателеспесем, бір губка 458 теңге тұрады", - дейді Ақтөбе облысы әкімдігі іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин.
Бұған дейін ақтөбеліктерді шенеуніктердің тағы бір әрекеті таңғалдырған болатын. Олар 50 дана қолшатыр сатып алған. Бұл да аса қажет зат көрінеді, өйткені ресми іс-шаралар кезінде жоғары лауазымды тұлғалар күн мен жаңбырдан паналайды.